01.11.2006, 12:54 2778

Мәжіліс заңнамаға техникалық реттеу мәселелері бойынша енгізілетін түзетулерді мақұлдады

АСТАНА. 1-қараша. Kazakhstan Today. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Заң жобасының басты идеясы өнім мен оның тіршілік циклі процестеріне қойылатын міндетті және нұсқамалық талаптардың белгілеу мен қолдану мәселелеріне халықаралық тәжірибе мен нарықтық экономика талаптарына сай келетін жаңаша көзқарастарды қолданысқа енгізуге саяды",-делінген мәжілістің экономикалық реформалар және аймықтық даму жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Құжатқа сәйкес, заң жобасының мақсаты "мемлекет тарапынан өнім мен оның тіршілік циклі процестеріне адамның өмірі денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей біртұтас талаптарды белгілеу; өнімнің адам денсаулығы мен өміріне қатер төндірмеуін қамтамасыз етуге жағдай жасау" болып табылады. Сонымен бірге заң жобасы нормаларымен "үкімет пен басқа да мемлекеттік мекемелердің техникалық реттеу мәселелері бойынша құзыреті аясын шектеу; сауда-саттық жолындағы әкімшілік және техникалық тосқауылдарды жоюға түрткі болу" мүмкіндігі жүзеге асады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны