29.01.2014, 19:16 3363

Мәжіліс "Жалақыны қорғау туралы конвенцияны ратификациялау туралы" заң жобасын жұмысқа алды

Конвенцияның мақсаты жұмыс берушілердің жалақыны ақшалай нысанда уақтылы төлеу қажеттігі болып табылады. Борыштық міндеттемелер, сенімхаттар, купондар не заңды валютаға сәйкес келеді ейтіндей қандай да болмасын өзге нысанда төлеуге тыйым салынады.

Алматы. 29 қаңтар. Kazakhstan today. Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста Мәжіліс "Жалақыны қорғау туралы Конвенцияны (95-Конвенция) ратификациялау туралы" заң жобасын жұмысқа алды.

Конвенцияның мақсаты жұмыс берушілердің жалақыны ақшалай нысанда уақтылы төлеу қажеттігі болып табылады. Борыштық міндеттемелер, сенімхаттар, купондар не заңды валютаға сәйкес келеді ейтіндей қандай да болмасын өзге нысанда төлеуге тыйым салынады.

Жалақыны құрамында алкоголі көп спирттік ішімдіктер, сондай-ақ ағзаға зиянды есірткі түрінде төлеуге ешбір жағдайда рұқсат етілмейді. Жалақыдан шегерімдер елдің заңнамасында немесе белгіленетін ұжымдық шарттар немесе төрелік шешімдерде айқындалады.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында жоғарыда айтылған шарттар бекітілген, олардың сақталуы мен орындалуы қамтамасыз етіледі.

Жалпы отырыста сөз алған Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Ишімбаев Жалақыны қорғау туралы Конвенция (95-Конвенция) 1949 жылғы 1 шілдеде ХЕҰ Бас конференциясында қабылданғанын атап өтті..

Қазіргі кезде Конвенцияны ХЕҰ-ға мүше 97 мемлекет ратификациялады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттері ішінде - Армения, Изербайжан, Молдова, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Украина.

Конвенцияның мақсаты жалақыны қорғау болып табылады.

Атап айтқанда, Конвенцияның ережелері жалақы төленетін немесе тиесілі адамдардың барлығына қолданылады.

Конвенция экономикалық қызметтің барлық салаларына және еңбекшілердің барлық санатына қолданылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны