08.10.2008, 13:23 1653

Мәжіліс жаңа редакциядағы Бюджет кодексінің жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс жаңа редакциядағы Бюджет кодексінің жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Астана. 8 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс жаңа редакциядағы Бюджет кодексінің жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Заң жобасының мақсаттары жайлы еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов баяндама жасады.

Сондай-ақ, мәжіліс депутаттары бүгін "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процессін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі" заң жобасын да бірінші оқылымда мақұлдады.

Аталған заң жобалары 22 қазанда мәжілістің жалпы отырысында екінші оқылымда қаралады, деді палата спикері Аслан Мусин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны