24.10.2012, 12:47 3336

Мәжіліс жеке басты куәландыратын құжаттар туралы заң жобасын мақұлдады

Заң жобасының ережелеріне сәйкес жеке басты куәландыратын құжаттарға мыналар жатады: Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты, жеке басты куәландыратын құжат, шетелдік азамат үшін елде тұруына рұқсат беретін қағазы, азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі, дипломатиялық төлқұжат , қызмет бабындағы төлқұжат, босқынның куәлігі, теңізшінің төлқұжаты, шетелдік төлқұжат, қайту туралы куәлік, туу туралы куәлік.

Астана. 24-қазан. Kazakhstan Today - Мәжіліс сәрсенбіде екінші, түпкілікті оқылымда "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Заң қабылдау процедурасына сәйкес заң жобасы одан әрі қаралуға сенатқа жіберіледі.

Заң жобасының ережелеріне сәйкес жеке басты куәландыратын құжаттарға мыналар жатады: Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты, жеке басты куәландыратын құжат, шетелдік азамат үшін елде тұруына рұқсат беретін қағазы, азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі, дипломатиялық төлқұжат , қызмет бабындағы төлқұжат, босқынның куәлігі, теңізшінің төлқұжаты, шетелдік төлқұжат, қайту туралы куәлік, туу туралы куәлік.

Заң жобасында жеке басты куәландыратын құжаттардың құқықтық негіздерін айқындау ұсынылған, жеке басты куәландыратын құжаттарды сипаттайтын ұғымдар бірегейлендірілген, деді отырыста мәжіліс депутаты Рамазан Сәрпеков.

Заң жобасында сондай-ақ "теңізшінің төлқұжаты" терминін "теңізшінің куәлігі" ретінде ауыстыру ұсынылған.

Мәжіліс сондай-ақ жеке басты куәландыратын құжаттар мәселелері жөніндегі кейбір заңдылық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі қосалқы заң жобасын мақұлдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны