13.05.2015, 15:41 2453

МИЖІЛІС "ЖЕКЕ ДЕТЕКТИВТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ" ЗАӉ ЖОБАСЫН ІЛЕСПЕЛІ ТҮЗЕТУЛЕРМЕН БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАДЫ

Бүгін Мәжілісте Палата Спикері Қабиболла Жақыповтыӊ төрағалығымен жалпы отырыс өтіп, халық қалаулылары "Жеке детективтік қызмет туралы" заӊ жобасын ілеспелі түзетулермен бірінші оқылымда мақұлдады

Астана. 13 Мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Мәжілісте Палата Спикері Қабиболла Жақыповтыӊ төрағалығымен жалпы отырыс өтіп, халық қалаулылары "Жеке детективтік қызмет туралы" заӊ жобасын ілеспелі түзетулермен бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Заӊ жобасында осы қызметпен айналысуға үміттенетін адамдарға қойылатын талаптар, сондай-ақ жекеше детективтердіӊ құқықтары мен міндеттері айқындалып, детективтік іс-шаралардыӊ түбегейлі болып табылатын тізбесі (жеке әӊгімелесу; анықтамалар, мінездемелер сұрату) енгізіледі.

Жеке детективтердіӊ қызметі азаматтардыӊ құқықтарын және бостандықтарын қозғайтындықтан, заӊ жобасында жекеше детективтік қызметті лицензиялауды енгізу ұсынылып отыр.

Осы заӊ жобасы бойынша Мәжіліс депутаттарынан, тұрақты комитеттері мен заӊнама бөлімінен келіп түскен барлығы 240-қа жуық ескертпелер мен ұсыныстар қарастырылып, талқыланған.

Негізгі заӊ жобасында жекеше детективтіӊ адам мен азаматтыӊ құқықтары мен бостандықтарына байланысты өкілеттіктері көзделгендіктен, ілеспе заӊ жобасында оларды теріс пайдаланғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік енгізілген. Ол жекеше детективтіӊ қылмыстық әрекеттерімен келтірілген зиянныӊ дәрежесі бойынша ажыратылады.

Ілеспелі құжат Салық кодексіне, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" заӊға тиісті толықтырулар енгізуді көздейді.

Жалпы отырыста мәжілісмендер меншік құқығын қорғауды күшейту, шарттық міндеттемелерді қорғауды кепілдендіру және оларды бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаӊдату мәселелеріне қатысты заӊ жобасын екінші оқылымда қарап, оӊ бағасын берді.

Онда Азаматтық кодекстіӊ заӊсыз актілерді шығару салдарынан меншік иесіне келтірілген залалды, тиісті актіні шығарған мемлекеттік органныӊ немесе лауазымды адамныӊ кінәсіна қарамастан өтеу туралы 267-бабыныӊ редакциясын нақтылау ұсынылады. Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындау және кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану туралы нормаларды екіұдай түсіну жойылады.

Бұл құжат бойынша депутаттардыӊ, Жоғарғы Сот, Бас прокуратура, Ұлттық Банк, Иділет министрлігі, мүдделі мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерініӊ қатысуымен жұмыс тобыныӊ 20 отырысы өткізілген.

Осы күні Мәжіліс депутаттары Болгария және Румыния елдерімен адамдарды ұстап беру туралы шарттарды, сондай-ақ, Румыниямен сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы заӊ жобаларын мақұлдады.

Ол құжаттар аталған елдердіӊ құзыретті органдары арасындағы қатынастарды реттеуге бағытталған.

Палата осы күні сот жүйесі мен судьяларыныӊ мәртебесі туралы Конституциялық заӊға және конституциялық заӊдарға азаматтық процестік заӊнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістерге қатысты заӊ жобалары мен Каспий теӊізініӊ су биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану туралы, Ресеймен Байқоӊыр қаласыныӊ білім беру ұйымдарын беру туралы келісімдерді ратификациялау туралы заӊ жобаларына байланысты бейінді комитеттерге қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындады.

ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратыныӊ Баспасөз қызметі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны