08.11.2006, 18:27 2856

Мәжіліс жеке және заңды тұлғаларды біртұтас есепке алу жүйесін енгізуді көздейтін заң жобасын мақұлдады

АСТАНА. 8-қараша. Kazakhstan Today. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Идентификациялық номерлердің ұлттық реестрі туралы" заң жобасын бірінші және екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Заң жобасының тұжырымдамасы заңды және жеке тұлғалардың идентификациялық номерлерінің ұлттық реестрінің ақпараттық жүйесін құру арқылы жеке және заңды тұлғаларды біртұтас есепке алу жүйесін қолданысқа енгізуге бағытталады",- делінген мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитетінің қорытындысында.

"Заң жобасы идентификациялық номерлердің ұлттық реестрлерін құру мақсатында жеке (заңды) тұлғаны біртұтас идентификациялық (бизнес-идентификациялық номер) номерге көшіру бағдарламасына сәйкес жасалған",- делінген қорытындыда.

Қазірде жеке және заңды тұлғаларды есепке алудың бірнеше жүйесі (Илеуметтік жеке код-СИК, Салық төлеушінің тіркеу номері -РНН, ID-код) қолданылатындықтан, заң жобасында жеке тұлға үшін, соның ішінде жеке кәсіпкер үшін Жеке идентификациялық номер (ИИН), ал ал заңды тұлға үшін бизнес-идентификациялық номер (БИН) жасалуда.

Мәжіліс комитетінің қорытындысында атап көрсетілгеніндей, заң жобасын жасаушылардың пікірінше, идентификациялық номерлерінің ұлттық реестрін құру мемлекеттік қызметкерлердің еңбек шығындарын азайтуға түрткі болады. Оларды тұрғындардан жинаған ақпараттарды бірнеше мәрте енгізу тауқыметінен құтқарып, қазіргі бар және жобасы жасалып жатқан мекемелік есепке алу жүйелері арасындағы сәйкессіздік проблемасын шешеді.

"Заңды жүзеге асыру бюджеттен шығындар шығаруды талап етеді. Өйткені, заң жобасында көзделгендей, қайта рәсімдеуден кейін таратылатын идентификациялық құжаттардың құны бюджет қаржысының есебінен өтеледі. Ол үшін бұрындары берілген құжаттарды тіркеуші мекемеге тапсыру керек",- делінген құжатта.

Депутаттар сонымен қатар "Идентификациялық номерлердің ұлттық реестрі жөніндегі мәселелер бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі" заң жобасын да екі оқылымда мақұлдады. Соған сәйкес 15 заңнамалық актіге өзгерістер енгізілмек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны