03.04.2013, 14:23 4462

Мәжіліс жемқорлыққа жол беретін нормаларды жою туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлады

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Астана. 3-сәуір. Kazakhstan Today - Мәжіліс жемқорлыққа жол беретін нормаларды жою туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

"Заң жобасы 33 заң актісіне, оның ішінде Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу, Азаматтық іс жүргізу, Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс, Бюджет, Кеден және "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі" туралы 7 Кодекске түзетулер енгізуді көздейді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын нормаларды жоюға бағытталған",- деді құжат бойынша баяндама жасаған Иділет министрі Берік Имашев.

Депутаттар талқылай келе, заң жобасын бірінші оқылымда мақұлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны