16.06.2016, 10:44 4985

Мәжіліс Жер кодексініӊ нормаларына мораторийді қарастыратын заӊ жобасын мақұлдады

Бүгін Парламент Мәжілісініӊ жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасы Жер кодексініӊ жекелеген нормаларыныӊ қолданысын және "Қазақстан Республикасыныӊ Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"

Астана. 16 маусым. Kazakhstan Today - Бүгін Парламент Мәжілісініӊ жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасы Жер кодексініӊ жекелеген нормаларыныӊ қолданысын және "Қазақстан Республикасыныӊ Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заӊыныӊ қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы" заӊ жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Енді құжат Парламент Сенатыныӊ талқысына шығарылатын болады, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Мәжіліс депутаты Сергей Звольскийдіӊ айтуынша, заӊ жобасын талқылау барысында депутаттар тарапынан жер қатынастарын реттеуге бағытталған басқа да бірқатар ұсыныстар келіп түскен. Соныӊ ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мәселелері де бар. Алайда, оны бастама жасаған депутаттар кейіннен өздері алып тастады. "Біз жер заӊнамасына қатысты заӊнамалық өзгерістер енгізу мәселесіні тек ҚР Президентініӊ тапсырмасы бойынша құрылған Жер реформасы жөніндегі республикалық комиссияныӊ отырыстары аяқталғаннан кейін ғана қарастырамыз деп шештік. Комиссия жергілікті жұртшылықтыӊ пікірлерін, өӊірлердегі мәселелерді тереӊ қарастырып, талқылауға кіріскен. Осыған байланысты, қаралып отырған заӊ жобасында Мемлекет басшысыныӊ мамыр айындағы мораторий туралы Жарлығын іске асыру тетіктері ғана қамтылып отыр", - деді С.Звольский.

Заӊ жобасы жер заӊнамасыныӊ кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы ҚР Президентініӊ ағымдағы жылғы Жарлығын орындау мақсатында әзірленген. Аталған заӊ жобасымен ағымдағы жылдыӊ 31 желтоқсанына дейін "ҚР Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊныӊ және Жер кодексініӊ бірқатар нормалары тоқтатылады. Атап айтқанда кодекстегі шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заӊды тұлғаларға жарғылық капиталындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардыӊ, шетелдік заӊды тұлғалардыӊ үлесі елу пайыздан асатын заӊды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалдау шарттары мен уақытша жерді пайдалану құқығын берумен, сонымен қатар, Қазақстан Республикасыныӊ азаматтарына және мемлекеттік емес заӊды тұлғаларға мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығындағы жер учаскелеріне жеке меншік құқығын берумен байланысты нормаларыныӊ қолданысқа енгізу мерзімі тоқтатылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны