13.12.2006, 15:20 2803

Мәжіліс жер қойнауын пайдалану және мұнай операцияларын жүргізу мәселелері жөніндегі заң жобасын мақұлдады

АСТАНА. 13желтоқсан. Kazakhstan Today. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Жер қойнауын пайдалану және мұнай операцияларын жүргізу жөніндегі мәселелер бойынша кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Заң жобаның мақсаты, жер қойнауын пайдалану саласындағы операциялар кезінде пайдаланылатын тауар, жұмыс және қызмет түрлерін сатып алу барысындағы ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған ережелерді, сонымен қатар , жер қойнауын пайдалану құқығын анықтайтын және келісім шарт жасауға байқаулар ұйымдастыру мәселелерін реттейтін ережелер енгізу",-деді депутаттарға заң жобасын ұсынған энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхамбетов.

Оның айтуынша, заң жобасы жер қойнауын пайдалануға құқық беретін байқауға қатысуға тапсырыс берушінің өз тапсырысында көрсетуі тиіс мағлұматтардың кеңейтілген тізімін белгілейді.

Сонымен қатар, құжатта, егер жер қойнауын пайлануға құқық беретін жағдайда ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптары орындалмайтын болса, байқауға қатыстырмаудың негізі түсіндіріледі.

Министрдің пікірінше , аталған түзетулер "байқау процедуралардың ашықтығын қамтамасыз етіп, олардың одан әрі жетілдірілуіне және келісім-шарт жасасқан субъектілердің қарым-қатынастарын реттеуге , оларға жер қойнауын пайдалануға құқық берілген жағдайда ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал етеді".

Заң жобасында, мердігерлерді қазақстандық және шетелдік жұмысшыларға теңдей еңбек жағдайын жасап, теңдей еңбек ақы төлеуге міндеттейтін ережелер қарастырылған.

Сонымен қатар, заң жобасында, егер техникалық схемада қарастырылған жағдайда жер асты техникалық суын қабатын қойнауқатқа қайта айдау мақсатында өндіруге құқық беру процедурасын жеңілдету көзделген.

Депутаттардың ұсыныстары бойынша, заң жобасына құзыретті органға жер қойнауын пайдаланушыларға қазақстандық жұмысшыларды тарту барысында теңдей жағдай жасауына мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін ереже енгізілді.

Аталған заң жоба сенаттың қарауына жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны