11.04.2007, 16:32 3995

Мәжіліс жерді тәркілеу барысындағы "мемлекеттің қажеттігі" және "мемлекеттік мұқтаждық" түсініктерін шектейтін заң жобасын мақұлдады

АСТАНА. 11 - сәуір. Kazakhstan Today. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын үшінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Заң жобасын үшінші оқылымға дайындау барысында депутаттардан 23 ұсыныс түсті, бас мекеме оның 19-ын қабылдады",- деп хабарлады палатаның жалпы отырысында мәжіліс депутаты Михаил Трошихин.

"Атап айтқанда, депутаттар тек маңызды нысандар үшін ғана емес, сонымен қатар құрылысқа ұсынылып отырған барлық нысандар үшін жер телімдерін таңдау жөніндегі сәйкес жергілікті атқарушы органдар құратын арнайы комиссия құруды қарастыратын заң ережесін таратуды ұсынады",- деп түсіндірді мәжіліс депутаты.

Сонымен қатар, "мемлекеттік меншіктен ауылшаруашылық негіздегі жер сату механизмін ырықтандыру және олардың нарық операциялары үшін қол жетімділігін көтеру мақсатында түзету енгізу арқылы жеңілдетілген баға мөлшеріне қарай осындай жерлерге қатысты сауда-саттықты жүзеге асыруға қойылатын шектеуді түрлендіруге мүмкіндік беру, ал бағаны жер телімдерін пайдалануды тиісінше 10 жылдан 2 жылға дейін шектей отырып 50-90 процент көлемінде белгілеуді ұсынады.

Сондай-ақ, жеке меншік баспана салуға жер телімдерін беру процедурасының жеңіл және ашық болуын қамтамасыз етуге бағытталған өзгертулер енгізілген.

Бұрындары хабарлағанымыздай, Жер кодексінің мәтініне ұғымды бірыңғай түсіну және пайдалану үшін "мемлекеттің қажеттілігі" деген сөзді "мемлекеттің мұқтаждығы" деген сөзбен алмастыруға қатысты өзгертулер енгізу қарастырылған (Конституцияға сәйкес). Осы орайда "мәжбүрлі тәркілеу" деген ұғымды тиісті мақсатта пайдаланылмай отырған немесе заң бұза отырып пайдаланылып отырған жер телімдерін тәркілеу оқиғаларында ғана пайдалану ұсынылған.

Жер кодексіне енгізілетін өзгертулерде жер телімін кепілдікке қою процедурасын жеңілдету, жер телімін мемлекеттің мұқтаждығына деп тәркілеу барысында жер телімінің иесі мен оны пайдаланушының құқығын күшейту қарастырылған. Бұған қоса, заң жобасында жер телімін мәжбүрлі иеліктен шығару жүзеге асырылатын ерекше жағдайлар анықталып, сатып алу бағасын белгілеу мерзімі мен келтірілген шығынды өтеп беру жайттары нақтыланған.

Заң жобасының нормаларымен жеке меншік баспана салуға жер телімдерін сату жөнінде тендерлер өткізу қарастырылған. Ал қолданыстағы заңнамада жеке тұрғын үй салуға арналған жер телімдері тегін беріледі деп көрсетілген.

Заң жобасы қарастыру үшін сенатқа жолданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны