13.06.2012, 16:44 2777

Мәжіліс Жылжымалы жабдыққа қатысты халықаралық кепілдіктер туралы конвенцияны мақұлдады

Бүгін Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен өткен палатаның жалпы отырысында депутаттар "Жылжымалы жабдыққа қатысты халықаралық кепілдіктер туралы конвенцияны және Жылжымалы жабдыққа қатысты халықаралық кепілдіктер туралы конвенцияға Авиациялық жабдық жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады.

Астана. 13-маусым. Kazakhstan Today - Мәжіліс Жылжымалы жабдыққа қатысты халықаралық кепілдіктер туралы конвенцияны мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен өткен палатаның жалпы отырысында депутаттар "Жылжымалы жабдыққа қатысты халықаралық кепілдіктер туралы конвенцияны және Жылжымалы жабдыққа қатысты халықаралық кепілдіктер туралы конвенцияға Авиациялық жабдық жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады.

Аталған Конвенция мен оның Хаттамасы біртұтас құжат ретінде қарастырылатын болады. Бұл ретте конвенцияда жылжымалы жабдықтың жекелеген санаттарына қатысты және құқықтық нысандармен байланысты халықаралық кепілдіктердің тәртібі мен олардың туындау салдары айқындалады.

Ал құжатты қабылдаудағы негізгі мақсат қазіргі заманғы әуе кемелерін сатып алу немесе олардың лизингі жөніндегі мәмілелерді қаржыландыратын кредиторлардың тәуекелін төмендету болып табылады. Бұдан бөлек, авиациялық техниканы өндіруші елдердің сарапшылық-кредиттік агенттіктерінің кепілдігімен қазақстандық авиакомпаниялар үшін заманауи әуе кемелерін қаржыландыру құнын төмендетуге қажетті жағдайлар қамтылу қарастырылады.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Сенатқа жолданады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны