12.12.2013, 18:09 2952

Мәжілісмендер бірқатар заң жобаларын мақұлдады

Палата бірқатар заң жобаларын мақұлдады, онда бірінші кезекте Кеден Одағының саудасына қатысты, сонымен бірге оңалту және банкроттық туралы заң жобалары мақұлданды, деп Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы. 12 желтоқсан. Kazakhstan today. Кеше Мәжілісте Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен жалпы отырыс өтті. Палата бірқатар заң жобаларын мақұлдады, онда бірінші кезекте Кеден Одағының саудасына қатысты, сонымен бірге оңалту және банкроттық туралы заң жобалары мақұлданды, деп Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

"Пакетте ҰҚШҰ, Қазақстан мен Швейцария шарттары, табыс пен салыққа және Вьетнаммен инвестицияға қатысты заң жобалары өндіріске алынды. Сыртқы барлауға қатысты түзетулер де жұмысқа алынды", - делінген хабарламада.

Мәжіліс осы жалпы отырыста Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің аумақтарында әскери инфрақұрылым обьектілерін орналастыруға қатысты заң жобасын жұмысқа алды. Хаттамаға сәйкес Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер басқа Тараптармен жедел консультациялар (келісу) өткізгеннен кейін және олардың ресми қарсылықтары болмаған жағдайда өз аумақтарында оның мүшелері болып табылмайтын мемлекеттер туралы шешім қабылдайды.

Мәжілістің заң шығару өндірісіне Қазақстан мен Швейцария арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау туралы Конвенцияға ратификациялық түзетулер енгізуге жіберілді. Салық қызметтері арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында өзара келісу рәсімі, ақпарат алмасу сияқты бірқатар жалпы мәселелер бойынша түзетулер енгізілді. Аталған түзетулер Хаттаманың ережелерінде көрініс тапты және салықтан жалтарудың алдын алу мақсатында салық салу мәселелері бойынша ақпарат алмасуды жүргізуге мүмкіндік береді.

Палата қазақстан-вьетнам үкіметаралық инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы Келісімді ратификациялайтын заң жобасын жұмысқа алды. Құжат қолданыстағы заңнамада көзделгеннен жоғары инвесторларға қосымша кепілдіктерді қамтамасыз ету арқылы өзара инвестицияларға қатысты инвестициялық ахуалды жақсартуға ықпал ететін болады.

Бүгін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерін жарақтандыру үшін арнайы техника мен арнайы құралдарды жеткізуге қатысты заң жобасын жұмысқа алды. Түзетулер шығыстарды еркін айырбасталатын валютада және Ресей рубілінде төлеу мүмкіндігімен есеп айрысуға бағытталған.

Осындай шешім сыртқы барлау заңнамасына түзетуге қатысты заң жобасын жұмысқа алды.

Жаңаша енгізілімдер барлау мен контрбарлау қызметін жетілдіруге бағытталған.

Жалпы отырыста депутаттар Кеден одағының сыртқы және өзара саудасының интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру, оның жұмыс істеуі және дамуы туралы келісімді ратификациялау туралы ратификацияланатын заң жобасын мақұлдады. Жүйе Тараптар мемлекеттерінің сыртқы және өзара сауданы реттейтін мемлекеттік органдарының аумақтық жағынан бөлінген мемлекеттік ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерінің, Комиссияның ақпараттық жүйелері мен ақпараттық ресурстарының Тараптар мемлекеттерінің мемлекеттік интергациялық сегменттерімен және Комиссияның интеграциялық сегментімен біріктірілетін ұйымдастырылған жиынтығы болып табылады.

Тараптардың әрқайсысы өзінің мемлекеттік интеграциялық сегментін құру, оның жұмыс істеуі мен оны дамытуды қамтамасыз ету бойынша құқықтарды жүзеге асыратын және міндеттерді мойнына алатын операторын белгілейді.

Жүйенің құрамдастарын құру, дамыту және олардың жұмыс істеуі жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру Космиссияның шығыстар сметасында көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылады.

Мәжіліс депутаттары осы отырыста Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында сыртқы және өзара саудада электрондық құжаттар алмасу кезінде ақпараттық технологияларды қолдану туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады. Егер әрбір Тарап мемлекетінің заңнамасына сәйкес құжатты жазбаша ресімдеу талап етілсе, онда Кеден одағының комиссиясы айқындайтын құжаттау қағидалары мен талаптары бойынша ресімделген электрондық құжат осы талапқа сәйкес келеді деп есептеледі.

Электрондық құжат Комиссия нақтылаған талаптар мен ережеге сай ресімделсе оны мөрмен растау талап етілмейді.

Комиссия айқындайтын құжаттау қағидалары мен талаптары бойынша ресімделген электрондық құжат заңды күші жағынан электрондық құжатты жасаушының қойылған қолымен не қойылған қолмен және мөрмен расталған қағаз жеткізгіштегі ұқсас құжатпен тең деп танылады.

Бүгін Мәжіліс "Оңалту және банкроттық туралы" заң жобасын ілеспе түзетулерімен екінші оқылымда мақұлданды. Заң жобасында көзделген іс-шараларды іске асыру банкроттықтың қазіргі жүйесін әлемдік стандарттар деңгейінде жетілдіруді қамтамасыз етеді, кепілді кредиторлар мүдделерінің басымдығын белгілейді, бұл Дүниежүзілік банктің "Кредит алу" және "Төлем қабілеттілігін шешу" индикаторлары бойынша "Doing Business" рейтингіндегі Қазақстанның позициясын арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ бизнеске түсетінәкімшілік жүктемені төмендетеді, елдегі бизнес-ахуалды жақсартады және мемлекеттің инвестициялық тартымдылығын арттырады.

Заң жобасын қарау барысында депутаттар кредитордың борышкерді банкрот деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінуіне мүмкіндік беретін мерзімді ұлғайту; банкроттықтың алдында борышкермен жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тану үшін негіздерді кеңейту және нақтылау; әкімшіні өз өкілеттіктерін орындаудан шеттету, сондай-ақ оны тіркеу есебінен алу үшін негіздердің тізбесін толықтыру; әкімшіге қосымша сыйақы төлемдерінің шарттарын нақтылау бөлігінде бірқатар нормаларды қайта қарап шықты.

Заң жобасын қарау барысында депутаттар банкроттық кезіндегі заңсыз әрекеттер, әдейі және жалған банкроттық үшін санкциялар бөлігінде, сондай-ақ әкімшілердің міндеттерін синхрондау және оларды орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік бөлігінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бірқатар нормаларын қайта қарап шықты.

Сонымен қатар, депутаттар: банкроттық кезіндегі заңсыз әрекеттерді, әдейі және жалған банкроттықты жасауда кінәлі деп танылған адамдардың белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруды; банкроттық кезіндегі заңсыз әрекеттері үшін сотталған адамдардың тіркелуіне (қайта тіркелуіне) заңды тұлғаның тыйым салуын; банкроттың мүлкі мен істерін басқару бойынша барлық өкілеттіктерді атқарушы органдардан әкімшіге ауыстыруды; банк құпиясын қамтитын, банкроттар туралы мәліметтерді оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органға беру тетігін; борышкер банкрот деп танылған күннен бастап борышкердің салық міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етудің тәсілдерін қолданбауды көздейтін түзетулер енгізді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны