18.04.2014, 19:44 3754

Мәжілісмендер Қылмыстық-атқару кодексін қарастырады

Жалпы отырыста "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері туралы заң жобасы ілеспе түзетулерімен екінші оқылымда қаралады.

Алматы. 18 сәуір. Kazakhstan today. Бүгін Мәжіліс Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығында Палата Бюросы өтті. Онда депутаттардың алдағы жалпы отырысында қаралатын мәселелер нақтыланды.

Депутаттардың талқылауына Қылмыстық-атқару кодексін екінші оқылымға шығарылады, деп Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады. Құжат жайында баяндай келе салалық Комитет заң жобасы сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалу деңгейін, қылмыстық жазаларды орындаудың тиімділігін едәуір арттыру, сотталғандарға тәрбиелік тұрғыдан ықпал етудің сапасы мен дәрежесін жақсарту және сотталғандарға қажетті әлеуметтік, құқықтық және психологиялық көмек көрсету мақсатында қылмыстық-атқару заңнамасын одан әрі жетілдіруге бағытталғанын мәлімдеді.

Жалпы отырыста "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері туралы заң жобасы ілеспе түзетулерімен екінші оқылымда қаралады.

Палатаның күн тәртібіне қазақстан-ресей аралық әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесін құру туралы Келісімді ратификациялайтын заң жобасы да енгізілді.

Осы күні депутаттар мақта саласын дамыту мәселелері бойынша, пошта байланысы саласындағы заңнамасының нормаларын Дүниежүзілік пошта одағы актілерінің нормаларымен біріздендіру және пошта операторларының қызметін реттеу мәселелері бойынша түзетулер және "Қылмыстық әрекеттен түскен табыстарды жылыстату, анықтау, алып қою және тәркілеу туралы конвенцияны ратификациялау туралы" заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу мезгілін нақтылайтын болады.

Алда болатын жалпы отырыстың күн тәртібіне депутаттардың аймақтарға шығып сайлаушылармен кездесуі жайлы мәселе де қосылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны