13.05.2014, 20:55 1803

Мәжілісте алдағы жалпы отырыста талқыланатын сұрақтар анықталды

Депутаттардың талқылауына электр энергетикасы объектілерінің жұмысын бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру мәселелері туралы заң жобасы бірінші оқылымға шығарылады.

Алматы. 12 мамыр. Kazakhstan today. Бүгін Қабиболла Жақыповтың төрағалығында Мәжіліс Бюросы өтті. Онда Палатаның алдағы жалпы отырысында күн тәртібінің жобасы нақтыланды.

Депутаттардың талқылауына электр энергетикасы объектілерінің жұмысын бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру мәселелері туралы заң жобасы бірінші оқылымға шығарылады, деп ҚР Парламенті Мәжілісінен хабарлады.

Күн тәртібінің жобасына Мәжіліске түскен жаңа заң жобаларына қорытынды әзірлеу мезгілін нақтылауды да ұсынып отыр. Олардың қатарында Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2013 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі бар. Сонымен қатар, құрылыс объектілерін жобалау саласындағы сарапшылық қызметті реформалау бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі де қосылған.

Палата солармен бірге ратификацияланатын заң жобаларына да қорытынды әзірлеу мезгілін нақтылайтын болады. Олар: Қазақстан-Эстон үкіметаралық инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы Келісімі мен Қазақстан мен Сингапур Үкіметтері арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы Келісім.

Бюро отырысында Мәжілістің экономикалық реформа және аймақтық даму комитеті Қызылорда облысында (28-30 мамыр 2014 ж.) көшпелі отырыс өткізу туралы шешім қабылданды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны