17.05.2018, 00:09 5832

Мәжілісте әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша заӊ жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

Заӊ жобасыныӊ негізгі жаӊалығы 2018 жылдыӊ 1 - шілдесінен бастап 18 жастан асқан бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасайтын адамдарға арналған жаӊа жәрдемақыны енгізу қарастырылған.

Астана. 17 мамыр Kazakhstan Today - ҚР Паламенті Мәжілісініӊ пленарлық отырысыныӊ бірінші оқылымында "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заӊ жобасы мақұлданды.

Заӊ жобасыныӊ негізгі жаӊалығы 2018 жылдыӊ 1 - шілдесінен бастап 18 жастан асқан бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасайтын адамдарға арналған жаӊа жәрдемақыны енгізу қарастырылған.

Бұл жәрдемақыны 14 мыӊға жуық отбасы алады, ал оныӊ көлемі еӊ төменгі күнкөріс деӊгейініӊ 1,05 мөлшерін немес 29 699 теӊгені құрайды. Бұл жәрдемақы бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке қарап отырғандарға беріледі және олардыӊ күтім жасаған кезеӊдері зейнетке шыққанда еӊбек өтілі болып есептеледі. Сонымен қатар, бала кезден бірінші топтағы мүгедектерге берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыныӊ көлемі 54 306 теӊгені құрайды. Сонымен қатар, бірінші топтағы мүгедектер жеке оӊалту бағдарламалары шеӊберінде медициналық-әлеуметтік көрсеткіштерге сәйкес қажетті құралдар және қызметтермен қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ, "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Заӊға енгізілетін түзетулер әлеуметтік қызмет көрсетуге тек қана мемлекеттіӊ емес, сонымен қатар азаматтардыӊ, отбасы мүшелерініӊ, жеке сектордыӊ және үкіметтік емес ұйымдардыӊ (ҮЕҰ) бірдей қатысуын қамтамасыз етуге мүмкіндіктер береді.Осы мақсатта әлеуметтік қызметкерлерге арналған жаӊа біліктілік талаптары, медициналық стандарттар мен медициналық мекемелердіӊ стандартты ережелері талап етіледі.

Бұдан басқа, арнайы әлеуметтік қызмет алушылар және оларға көрсетілетін әлеуметтік қызметтер туралы дербес ақпаратты қамтитын әлеуметтік портал құру жоспарланып отыр. Бұл табиғи қозғалысты , тұтынушылардыӊ құрамын өзгертуді және арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсететін мамандарды ескере отырып жүйелі түрде жаӊартылады.

Заӊ жобасында сондай-ақ, "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасыныӊ Заӊына жұмысқа орналасуға жәрдемдесудіӊ белсенді шараларыныӊ шарттарын өзгерту жағдайында әлеуметтік келісімшарттыӊ мерзімін ұзартуға қатысты өзгертулерді қарастырады. Бұл іс жүзінде әлеуметтік келісімшарт мерзімі ұзартылуы мүмкін объективті жағдайларды белгілеуге мүмкіндік береді және аз қамтылған азаматтардыӊ келісім-шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау тиімділігін арттырады.

Сонымен бірге, заӊ жобасы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер кестесіне күн сайынғы қаржыландыруға көшуді өзгертеді, бұл оларды тағайындалғаннан кейін 3 жұмыс күніне дейін әлеуметтік төлемдерді алу мерзімін қысқартады.

Бұған қоса, құжат 2017 жылғы 13 маусымнан кейін әскери қызметтен босатылған адамдарға әскери тіркеуге немесе Қазақстан Республикасыныӊ аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелгенге дейін, теміржол, автомобиль және ішкі су көлігімен мемлекеттіӊ есебінен жүру құқығын беру туралы түзетулерді де реттейді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны