28.12.2012, 14:24 4082

Мәжілісте атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру және жеке басты куәландыратын құжаттар туралы заң жобалары қаралады

Бүгін Палата спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжіліс Бюросында алдағы өтетін жалпы отырыста қаралатын мәселелер нақтыланды.

Астана. 28-желтоқсан. Kazakhstan Today - Мәжілісте атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру және жеке басты куәландыратын құжаттар туралы заң жобалары қаралады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Палата спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжіліс Бюросында алдағы өтетін жалпы отырыста қаралатын мәселелер нақтыланды.

Бұл туралы палатаның баспасөз қызметінен хабарлады.

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің баяндауынша, "Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Тараз қаласының айналма жолы] Жоба) [Батыс Еуропа - Батыс Қытай Халық Республикасы халықаралық транзит дәлізі] ратификациялау туралы" заң жобасы депутаттардың талқылауына шығарылады.

Сонымен қатар Палата Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетіне "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге мерзімін анықтайтын болады.

Осы Комитеттің ақпараты бойынша "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" заңының жобасына және ілеспе түзетулерге Сенат енгізген өзгерістер мен толықтырулар да күн тәртібінің жобасына қосылған.

Сонымен қатар, Палата Бюросы Қазақстан Республикасының Президентінің "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығын орындау үшін Мәжіліс Аппараты туралы жаңа Ережені бекітті.

ҚР Парламенті Мәжілілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин алдағы болатын жалпы отырыста қарауға жоспарланған заң жобаларын мұқият әзірлеуді тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны