03.12.2018, 21:11 8473

Мәжілісте денсаулық сақтау бойынша заӊнамаға енгізілген түзетулер мақұлданды

Заӊ жобасында 11 заӊнамалық актіге, оныӊ ішінде "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекске, Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерге және Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер енгізу көзделген.

Астана. 3 желтоқсан. Kazakhstan Today - Мәжілісте 28 қарашада "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊ жобасы екінші оқылымда мақұлданды.

Заӊ жобасында 11 заӊнамалық актіге, оныӊ ішінде "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекске, Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерге және Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер енгізу көзделген.

Заӊ жобасы мынадай негізгі бағыттарды қамтиды:

Тегін медициналық көмектіӊ кепілдік берілген көлемініӊ жаӊа моделін және медициналық сақтандыру пакетін енгізу;

Медициналық ұйымдарда корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру;

Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудыӊ бірыӊғай перспективалық жоспарын енгізу;

Қоғамдық денсаулық сақтау мәселелерін жетілдіру;

Медициналық білім беру және ғылым жүйесін жетілдіру, медицина кадрларын даярлау сапасын арттыру және басқа да бағыттар.

Тегін медициналық көмектіӊ кепілдік берілген көлем мен Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудыӊ жаӊа моделі ДДҰ-ныӊ халықты денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамту жөніндегі принциптеріне сәйкес келеді. Мәселен, ТМККК шеӊберінде медициналық көмек барлық азаматтарға, оралмандарға, ҚР-да тұрақты тұрып жатқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға көрсетіледі.

МИМС жүйесіндегі медициналық көмек ТМККК-дан тыс медициналық қызметтерді қамтитын болады.Бұл халықтыӊ МИМС жүйесіне қатысуын айтарлықтай ынталандыратын болады.

Денсаулық сақтау саласындағы тиімді басқару мен бәсекелестікті дамытуды қамтамасыз ету мақсатында заӊ жобасында:

1) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы қадағалау кеӊестерініӊ өкілеттігін кеӊейту;

2) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда алқалық атқарушы органдар енгізу;

3) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда ішкі аудит қызметін енгізу көзделеді.

"Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасыныӊ ережелерін іске асыру мақсатында заӊ жобасында:

ҚР ДСМ-ге денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудыӊ бірыӊғай песрпективалық жоспарын қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту бойынша;

ЖАО-ға ҚР ДСМ-ніӊ келісімі бойынша денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудыӊ перспективалық жоспарларын бекіту бойынша өкілеттіктер беру көзделген.

Осы нормаларды іске асыру нәтижесінде

1) мемлекеттік инвестицияларды жоспарлауды оӊтайландыру;

2) аурухана ұйымдарыныӊ шығындарын оӊтайландыру;

3) медициналық көмекті интеграциялау;

4) жеке бизнес үшін инфрақұрылымды дамытуға қатысудыӊ тартымдылығын арттыру күтіледі.

2005 жылғы мамырда Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ассамблеясы Халықаралық медициналық-санитариялық қағидаларды (ХМСҚ) іске асыру бойынша түзетулер қабылдады.

ХМСҚ Ұлттық үйлестірушісініӊ өкілеттіктері мен мәртебесін регламенттеу мақсатында заӊ жобасында ДСМ-ныӊ ХМСҚ енгізу және іске асыру бойынша қызметті салааралық үйлестіру, сондай-ақ ХМСҚ жөніндегі Ұлттық үйлестірушініӊ мәртебесі мен қызметі туралы ережені бекіту бойынша құзыретін бекіту көзделген.

Аталған түзетулер мынадай күтілетін нәтижелерге алып келеді:

1) қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы қауіптер мен төтенше жағдайларды жылдам ескерту және ден қою;

2) қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға, соныӊ ішінде биологиялық, химиялық және радиациялық қауіптерге ден қоюмен байланысты салааралық үйлестіруді және халықаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.

Сонымен қатар, Заӊ жобасында медициналық білім беру және ғылым саласындағы стратегиялық әріптестік және Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардыӊ және медициналық білім беру ұйымдарыныӊ ғылыми-педагогикалық кадрларыныӊ құзыреттерін, сондай-ақмедициналық білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардыӊ білімі мен дағдыларын бағалау көзделген.

Сондай-ақ, интеграцияланған академиялық медицина орталықтарын және Nazarbayev University ұқсас университеттік клиникаларды құру механизмі арқылы ғылым, практиканыӊ және білім берудіӊ үштұғырлылығы үшін жағдайды қамтамасыз ету көзделген.

Жаӊа енгізілімдер донор институтын және туберкулезбен ауыратындарға медициналық көмек көрсетуді жетілдіруге; МИМС одан әрі жетілдіруге; денсаулық сақтаудыӊ ұлттық шоттарын енгізуге;кейбір әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылық құрамын қайта қарауға; қолданыстағы заӊнамадағы денсаулық сақтау жүйесі мәселелері бойынша олқылықтарды түзетуді де қарастырады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны