02.05.2018, 20:38 3747

Мәжілісте депутаттар бастамашы болған газ және газбен жабдықтау туралы заӊ жобасы бойынша түзетулер мақұлданды

Бұл құжатқа Мәжіліс депутаттары өздері бастамашы болған еді. Оған сұйытылған мұнай газ нарығындағы ахуал себеп болып отыр. Бұл газды негізінен еліміздіӊ тауарлық газбен газдандырылмаған өӊірлеріндегі тұрғындар мен кәсіпорындар тұтынады, сондай-ақ, көлік құралдарына пайдаланады.

Астана. 2 мамыр. Kazakhstan Today - Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулинніӊ төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутаттар "Газ және газбен жабдықтау туралы" Заӊ жобасына түзетулерді мақұлдады.

Бұл құжатқа Мәжіліс депутаттары өздері бастамашы болған еді. Оған сұйытылған мұнай газ нарығындағы ахуал себеп болып отыр. Бұл газды негізінен еліміздіӊ тауарлық газбен газдандырылмаған өӊірлеріндегі тұрғындар мен кәсіпорындар тұтынады, сондай-ақ, көлік құралдарына пайдаланады.

Біздіӊ елімізде аталған заӊға сәйкес, сұйытылған газдыӊ бекітілген шекті көтерме сауда бағасы бүгінгі күні, қосылған құн салығын есепке алмағанда, тоннасы 38437 теӊгені құрайды. Ұсынылып отырған заӊ жобасыныӊ мақсаты - сұйытылған мұнай газын шығару көлемін арттыруға өндірушілердіӊ қызығушылығын тудыру арқылы сұйытылған мұнай газ тапшылығын болғызбау. Ол үшін цифрландыру және бизнес үшін әкімшілік кедергілерді қысқарту бойынша жүргізіліп жатқан саясат шеӊберінде шығынмен жұмыс істеп отырған зауыттарға сұйытылған мұнай газын ішкі нарыққа беруді енгізгеннен кейін электрондық сауда алаӊдары арқылы олардыӊ кірістілігін қамтамасыз ету көзделген.

Депутаттар әзірлеген түзетулер бұл тетіктерді 2019 жылдан бастап, 2021 жылға дейін кезеӊ-кезеӊмен енгізуді қамтиды.

Жалпы отырыста халық қалаулылары "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заӊға түзетулер енгізуге қатысты Конституциялық заӊ жобасын жұмысқа қабылдады. Құжат жаӊа институттарды енгізу, құқықтық олқылықтар мен қайшылықтарды жою арқылы сайлау заӊнамасын жетілдіруге бағытталған. Конституциялық заӊға ұсынылып отырған түзетулер барынша ашық әрі демократиялық сайлау процесін қамтамасыз етуге ықпал етпек.

Бұл ретте сайлау мәселелері бойынша түзетулерге қатысты заӊ жобасы да жұмысқа алынды.

Осы күні Мәжілісте бірқатар заӊнамалық актілер екінші оқылымда мақұлданды. Оныӊ ішінде, коммерциялық емес ұйымдардыӊ қызметіне қатысты заӊ жобасын екінші оқылымға дайындау барысында қолданыстағы заӊнамаға, заӊ техникасы қағидаларына сәйкес келтіруге бағытталған редакциялық-нақтылау сипатындағы түзетулер енгізілген.

Айта кетерлігі, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасыныӊ құрылуын және жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін осы Заӊ қолданысқа енгізілген күннен бастап 5 жылға дейінгі өтпелі кезеӊ аталған Заӊмен белгіленді, бұл кезеӊ өткеннен кейін Үкімет ҰКП қатысушыларыныӊ құрамынан шығады.

Осыған байланысты Мәжіліс депутаттары ҰКП-ныӊ Үкіметпен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылыныӊ жаӊа нысанын енгізуге, өӊірлік палаталарда аудандық кеӊестер, салалық кеӊестер қалыптастыру үшін құқықтық негіз құруға, Үкімет өкілдерініӊ Ұлттық кәсіпкерлер палатасыныӊ басқару органдары - Съезд және Төралқа жұмысына қатысуы туралы норманы алып тастауға қатысты түзетулер ұсынды.

Сондай-ақ, осы күні Палата сақтандыру және сақтандыру қызметіне түзетулерді, сонымен қатар, валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы және оған ілеспе заӊ жобаларын екінші оқылымда мақұлдады.

Жалпы отырыста 1992 жылғы 6 шілдедегі ТМД Экономикалық Сотыныӊ мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама депутаттар тарапынан қолдауға ие болып, Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы біздіӊ елге тікелей инвестициялар салуды жүзеге асыратын Қытай-Қазақстан өндірістік қуаттарыныӊ ынтымақтастығы қоры кірісініӊ жекелеген түрлерін салық салудан босату туралы келісімді ратификациялау бойынша бейінді комитеттерге қорытынды әзірлеу мерзімі белгіленді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны