08.09.2016, 09:52 2105

Мәжілісте экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заӊ жобасы таныстырылады

Мәжілісте "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" үкіметтік заӊ жобасыныӊ таныстырылымы болады, деп хабарлады Палатаныӊ баспасөз қызметі.

Астана. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ертеӊ Мәжілісте "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" үкіметтік заӊ жобасыныӊ таныстырылымы болады, деп хабарлады Палатаныӊ баспасөз қызметі.

Заӊ жобасына енгізілетін түзетулер қару-жарақтыӊ заӊсыз айналымы, заӊсыз көші-қон және есірткі бизнесі саласындағы қылмыстар бойынша балама тергеуді енгізуге, қару-жарақ айналымына, оны сақтау тәртібіне бақылауды күшейту, оныӊ ішінде азаматтық және қызметтік қару-жарақ пен оқ-дәрілердіӊ айналымы саласында жұмыс істейтін, сондай-ақ күзет қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік бақылаудыӊ ерекше тәртібін жүзеге асыруға бағытталған.

Құжаттыӊ тұсаукесері Мәжілістіӊ Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетініӊ шеӊберінде қарастырылады. Жұмыс тобы бойынша жетекші депутат Жанат Жарасов.

Депутаттар алдында ҰҚК Төрағасыныӊ орынбасары Марат Қалқабаев пен Ішкі істер министрініӊ орынбасары Рашид Жақыпов баяндама жасайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны