06.12.2012, 15:23 2674

Мәжілісте "Халықтық IPO" бағдарламасы шеңберінде "ҚазТрансОйл" АҚ акцияларын сатып алуға берілген тапсырыстарды жинаудың қорытындысы талқыланды

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов өткізген мәжілісте "Халықтық IPO" бағдарламасы шеңберінде "ҚазТрансОйл" АҚ акцияларын сатып алуға берілген тапсырыстарды жинаудың қорытындысы талқыланды.

Астана. 6-желтоқсан. Kazakhstan Today - Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов өткізген мәжілісте "Халықтық IPO" бағдарламасы шеңберінде "ҚазТрансОйл" АҚ акцияларын сатып алуға берілген тапсырыстарды жинаудың қорытындысы талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов өткізген мәжілісте "Халықтық IPO" бағдарламасы шеңберінде "ҚазТрансОйл" АҚ акцияларын сатып алуға берілген тапсырыстарды жинаудың қорытындысы талқыланды.

"Кеше, 5 желтоқсанда, осыдан тура бір ай бұрын басталған тапсырыс жинау аяқталды. "Халықтық IPO" бағдарламасы бойынша ҚазТрансОйл" АҚ акцияларын орналастырудың қорытындылары оның әжептәуір табыспен өткенін айғақтайды. Ел-жұрттан және ЗЖҚ-нан жиналған тапсырыстардың жалпы көлемі 56 млрд. теңгені құрайды, ал орналастырудың ең жоғары мөлшері 28 млрд. теңге болады деп күтілген болатын. Яғни, сұраныс ұсыныстан екі есе асып түсті", - деп хабарлады "Самұрық-Қазына" ҰИҚ басшысы Өмірзақ Шөкеев.

Оның айтуынша, зейнетақы қорлары мен маркет-мейкерлер 37,3 млрд. теңгеге тапсырыс берген, жеке тұлғалардан 25 мыңнан астам тапсырыс түскен. "Бүгін тапсырыстардың қалған бөлігі өңделуде. Біз жеке тұлғалардан 18,6 млрд. теңгенің 30 мыңнан астам тапсырыстары болады деп ойлаймыз", - деп қосты Ө.Шөкеев.

Қор басшысы бағдарламаның мақсаты еліміздің барлық азаматтарына жұмыс тәжірибесі мен тұрғылықты жеріне қарамастан теңдей мүмкіндік беруді қарастыру екенін атап өтті.

"Мемлекет басшысының "Халықтық IPO" бағдарламасы бойынша Үкіметке берген тапсырмасы табысты жүзеге асырылды деуге болады. Біз ел азаматтарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының асқан қызығушылық танытқанын көріп отырмыз, сондықтан біз өз кезегімізде осы бағдарламаны одан әрі тиімді жүзеге асыру үшін бар күш-жігерімізді саламыз", - деп түйіндеді ол.

Өз кезегінде, С.Ахметов "Халықтық IPO" бағдарламасының табысты басталуы халықтың ұлттық компанияларға, "Самұрық-Қазына" ҰИҚ-на, жалпы өкіметке, Үкіметке және Елбасының жолдауларына сенетініне дәлел екенін атап айтты.

Үкімет басшысы "Самұрық-Қазына" ҰИҚ-на бағдарламаны жетілдіру жөніндегі құжаттар жинағын әзірлеуді және "Халықтық IPO" бағдарламасының келесі кезеңін жүзеге асыруға дайындық жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны