22.01.2008, 19:26 3701

Мәжілісте Қазақстан және Иордания арасында өзара ынталандыру және инвестицияны қорғау жөнінде келісімді ратификациялаудың заң жобасы талқыланды

Мәжілісте Қазақстан және Иордания арасында өзара ынталандыру және инвестицияны қорғау жөнінде келісімді ратификациялаудың заң жобасы талқыланды

Астана. 22 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін ҚР парламент Мәжілісінде халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің кезекті отырысында Қазақстан мен Иордания Хашимиттік Королдігінің үкіметі арасында өзара ынталандыру және инвестицияны қорғау жөнінде Келісімді ратификациялаудың заң жобасы қарастырылды. Бұл туралы ҚР парламент Мәжілісі таратқан баспасөз хатында айтылған.

Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлағанындай, келісімде екі елдің инвесторлары екі жақты тиімді инвестиция салу үшін оңтайлы режим орнатылатыны көрсетілген. Келісімдегі шарттар екі мемлекет территориясында құйылған барлық қаржыға таралады. Жалпы бүгінгі кезде Иорданияның Қазақстанға салынған инвестиция көлемі $1,6 млн құрайды. Бүгінгі кезде Қазақстан территориясында Иордания капиталының құйылуымен 30 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді

ҚР индустрия және министрлігінің вице-министрі Қуандық Бишімбаевтың сөздері бойынша, келісім 2009 жылдың 29 қарашасында ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Иорданияға ресми сапары барысында қол қойылды. Қазақстан мұндай келісімдерге әлемдегі 41 ел арасында қол қойған.

Сонымен қатар, комитет мүшелері ҚР "Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде "Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелуі және бөлімшелер мен өкілдіктердің есептің тіркелуі" жөнінде заң жобасын қарастырды.

ҚР әділет вице-министрі Дулат Құстаулетов атап өткеніндей, аталған жоба ҚР президенті Н. Назарбаевтың жылдағы жолдауларын іске асыру шараларына сәйкес дайындалды.

"Бұл заң жобаның мақсаты Қазақстандағы жеке кәсіпкерліктің дамуына оңтайлы жағдай туғызып, сонымен бірге ҚР "Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелуі және бөлімшелер мен өкілдіктердің есептің тіркелуі туралы" заңын "Ұлттық теңдестіру номерлерінің реестірлері жөнінде" заңдарына сәйкестендіру.

Заң жобада орта және ірі кәсіпкерлердің тіркелу процедуралары жеңілдетіледі. Бүгінгі кезде заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуі мерзімі арыз тапсырылған 3 жұмыс күнінде қарастырылатыны жөнінде талап, енді шағын кәсіпкерлік тұлғаларына жіне олардың бөлімшелері мен өкілдіктері үшін қарастырылады.

Сондай-ақ заң жобасында қалыпты жарғы бойынша өз қызметтерін атқаруға бел байлаған орта және ірі кәсіпкерлік иелерінің тіркелу мерзімі өзгертіледі.

Екі заң жоба Парламенттің талқылануы ұсынылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны