10.12.2008, 16:20 2743

Мәжілісте кеше "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының таныстырылымы болып өтті

Мәжілісте кеше "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының таныстырылымы болып өтті

Астана. 10 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Мәжілісте "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының таныстырылымы болып өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл шараны Мәжілістің Илеуметтік-мәдени даму комитеті ұйымдастырды. Аталған комитеттің төрайымы Динар Нөкетаева кіріспе сөзінде заң жобасының маңыздылығына тоқталды. Жұмыс тобының жетекшісі Жарасбай Сүлейменов заң жобасы бойынша қандай мәселелер қамтылатыны жөнінде айтып берді. "Сөз жоқ, парламенттің қабырғасынан шығып жатқан барлық заңдар маңызды. Десек те, бұл заң жобасының орны бөлек. Сондықтан да жұртшылық оған ерекше ықылас қойып, қызығушылық танытуда",- деді депутат Ж.Сүлейменов.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы Жанна Құрманғалиева заң жобасының мақсаты, бұл заңның қандай қажеттіліктен туындап отырғаны, енгізілетін өзгерістердің нормалары жөнінде негізгі баяндаманы жасады.

Баяндамашы бұл заң жобасы Елбасының 2008 жылғы қыркүйектің 2-сіндегі Қазақстан Республикасы Парламентінің II сессиясының ашылуында берген тапсырмасын орындау мақсатында әзірленгенін атап өтті.

Заң жобасының мақсаты - қоғам дамуының қол жеткізілген экономикалық, әлеуметтік-саяси деңгейіне, сондай-ақ құқық мәдениетінің деңгейіне сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары туралы ұлттық заңнаманы одан әрі дамыту.

"Бұл бірінші кезекте еліміздің ақпараттық кеңістігін әрі қарай жетілдіруге және дамытуға бағытталған заң. Өз ұлтымыздың мүдделері бірініші кезекте басты назарда ұсталып отырған заңның жобасы. Заңнаманы әзірлеу жұмысына журналисттік және құқық қорғау ұйымдары қатысты. Жұмыс тобының құрамына "Internews Network", "Иділ сөз" Халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры, "Қазақстан Журналистері Одағы", "Бас редакторлар клубы", "Қазақстан телерадиохабарларын таратушыларының Ұлттық ассоциациясы" сияқты ұйымдардың өкілдері қатысты. Бұл ұйымдар өкілдерінің ұсыныстары негізгі базалық түзетулердің құрамына енгізілді",- деді баяндамасында Ж.Құрманғалиева.

Заң жоба арқылы баспа және электрондық БАҚ-тар үшін артық әкімшілік кедергілер жойылады. Атап айтқанда, "БАҚ туралы" заңның 10 бабының ұсынылған редакциясы телерадиохабар тарату ұйымдары үшін есепке қоюды алып тастауды көздейді. Қазіргі кезде радио, - және телеарналар иелеріне "Лицензиялау туралы" заңға сәйкес лицензия алудан басқа "БАҚ туралы" заңға сәйкес есепке қою процедурасын өту қажет. Аталған шараларды қабылдау тіркеудің бірін-бірі қайталайтын процедурасын жоюға мүмкіндік береді.

Изірленген заң жоба журналистердің құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғауға бағытталған.

Заң жобасына сәйкес журналисттің міндеттері тізімінен сұхбат жүргізу кезінде бейне- және дыбысжазба техникасын қолдануға рұқсат алу жөніндегі "БАҚ туралы" Заңның 21 бабы 4-1 тармақшасы алып тасталады. Журналистің жұмысы жария съемкалар және интервью жүргізумен байланысты екендігі баршаға белгілі нәрсе. Ал, қолданыстағы заңдармен көзделген әрқашан рұқсат алып отыру репортердың жұмысын айтарлықтай қиындатады.

"БАҚ туралы" Заңның 19 бабы 1 тармағына журналисттік қауымдастықтың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгінген кезде талапкер және журналисттің жауапкер ретіндегі ұстанымдарын теңестіретін түзету енгізіледі. Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес журналист кінәлінің жағдайын иеленеді және өзінің мәліметтерінің шындығын дәлелдеуге тиіс. Ұсынылған нормаға сәйкес сотта тараптардың тең дәрежедегі бәсекелестігі қамтамасыз етілетін болады.

Ұсынылып отырған заң жоба жалпы алғанда, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға негізделген, медиа саласындағы заңнамаларды либерализациялау жөніндегі біздің міндеттерімізге жауап бере алады.

Мәжіліс депутаттары Алдан Смайыл, Дарья Клебанова, Майра Айсина және басқалары баяндамашыға сұрақтар қойып, бұл құжаттың өзектілігі жөнінде өз пікірлерін ортаға салды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны