23.04.2014, 20:28 3989

Мәжілісте Қылмыстық-атқару кодексінің жобасы мақұлданды

"Заң жобасы сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалу деңгейін, қылмыстық жазаларды орындаудың тиімділігін едәуір арттыру, сотталғандарға тәрбиелік тұрғыдан ықпал етудің сапасы мен дәрежесін жақсарту және сотталғандарға қажетті әлеуметтік, құқықтық және психологиялық көмек көрсету мақсатында қылмыстық-атқару заңнамасын одан әрі жетілдіруге бағытталған.

Алматы. 23 сәуір. Kazakhstan today. Мәжіліс Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста Қылмыстық-атқару кодексінің жобасы мақұлданды.

"Заң жобасы сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалу деңгейін, қылмыстық жазаларды орындаудың тиімділігін едәуір арттыру, сотталғандарға тәрбиелік тұрғыдан ықпал етудің сапасы мен дәрежесін жақсарту және сотталғандарға қажетті әлеуметтік, құқықтық және психологиялық көмек көрсету мақсатында қылмыстық-атқару заңнамасын одан әрі жетілдіруге бағытталған. Аталған міндеттер прогрессивтік жүйе бойынша жазаны орындау тетігін жетілдіру, кешенді Пробация қызметін кең ауқымда енгізу, сотталғандардың құқықтық жағдайын оны қамауға алынғандармен қарым-қатынастың халықаралық стандарттарына жақындату жолымен бекіту, сотталғандарды ұстаудың отрядтық тәртібінен камералық тәртібіне кезең-кезеңмен ауысу арқылы іске асырылады", - деді жұмыс тобының жетекшісі Светлана Бычкова.

Мәжілісте хабарлағандай, заң жобасын қабылдау қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес қылмыстық-құқықтық шараларды анағұрлым кең қолдануға, сотталғандар мен жазасын өтеуден босатылған тұлғаларды әлеуметтік бейімдеуге және оңалтуға, пенитенциарлық және пенитенциарлықтан кейінгі қылмыстың қайталану деңгейін азайтуға жағдайлар жасайды, сондай-ақ сотталғандармен жүргізілетін тәрбие процесіне жұртшылықтың қатысу тетігін қалыптастырады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны