03.10.2018, 19:02 6139

Мәжілісте "ҚР кейбір заӊнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерініӊ сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заӊ жобасы бірінші оқылымда талқыланды

Онда депутаттар әскери қызметшілердіӊ тамақтануын қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтерді "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заӊныӊ қолданылу аясынан шығаруға бағытталған түзету енгізген болатын.

Астана. 3 қазан. Kazakhstan Today - Палата Спикері Нұрлан Нығматулинніӊ төрағалағымен өткен Мәжілістіӊ жалпы отырысында "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерініӊ сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заӊ жобасы бірінші оқылымда депутаттар талқысына ұсынылды.

Онда депутаттар әскери қызметшілердіӊ тамақтануын қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтерді "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заӊныӊ қолданылу аясынан шығаруға бағытталған түзету енгізген болатын.

Оныӊ орнына мұндай көрсетілетін қызметтерді қазір мектептерде оқушылардыӊ тамақтануын қамтамасыз ету процесінде жасалып жатқандай, ерекше тәртіппен сатып алу ұсынылды.

Осы орайда, Мәжіліс Төрағасы Н. Нығматулин бұл ұсыныстыӊ әскери мекемелерге лайықты екенін алға тарта келіп:

- Бірақта, бұл жердебір үлкен мәселе бар. Ол демпинг мәселесі. Мысалы, тәжірибе көрсеткендей, бірқатар ауруханаларда, мектептерде осы демпинг бағамен алынған тамақтарда ешқандай сапа жоқ. Ертеӊ әскери мекемелерде осындай жағдай болуы мүмкін. Сондықтан, осы мекемелерге (мектептерге, ауруханаларға, әскери орындарға) ешқашан демпинг бағаны қолдануға болмайды,-деді.

Аталған әлеуметтік нысандарды тамақпен қамтамасыз етуде алдымен сапаға, одан кейін, бағаға назар аудару керектігін баса айтқан Н. Нығматулин айтылған ұсынысты екінші оқылымға дейін тағы бір мәрте тыӊғылықты қарау керектігін ескертті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны