13.12.2006, 17:06 2963

Мәжілісте мақұлданған Кеден кодексіне енгізілетін түзетулер сенатқа жолданды

АСТАНА. 13-желтоқсан. Kazakhstan Today. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Кеден кодексіне өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Осыдан сәл ертерек заң жобасын мәжіліс алғашқы оқылымда мақұлдаған болатын.

"Заң жобасының басты мақсаты - кеден заңнамасының нормаларын Дүниежүзілік сауда ұйымының талаптарына сәйкестендіруге бағытталады",- деді заң жобасын депутаттарға таныстырған қаржы министрі Наталья Коржова.

Атап айтсақ, заң жобасымен тауарды шығарған елі анықталмаған жағдайда елге әкелінген тауардан кедендік баж салығын екі еселенген көлемде алу жөніндегі норма алып тасталды.

Бұған қоса шекара арқылы өтетін тауарлардың кедендік құны бойынша алдын-ала шешім беру жөніндегі тәртіп алынды.

Заң жобасы сенатқа жолданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны