20.02.2013, 13:55 3635

Мәжілісте "Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы" заң жобасы қаралды

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауыша, заң жобасының қабылдануы азаматтардың өз құзыреті шегінде құқықтық ақпараттандыру түрінде тегін білікті заңдық көмек алуын қамтамасыз етеді.

Астана. 20-ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы" ҚР заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауыша, заң жобасының қабылдануы азаматтардың өз құзыреті шегінде құқықтық ақпараттандыру түрінде тегін білікті заңдық көмек алуын қамтамасыз етеді.

"Заң жобасымен азаматтарға заңгерлік көмек көрсетудің сан алуан түрлері жүйе-жүйемен ашылады. Заң жобасы қазіргі салалық заңнаманы ретке келтіру идеясын жетілдіріп қана қоймай, оларды өзара байланыстырады", - деді отырыста сөз алған ҚР әділет министрі Берік Имашев.

Оның айтуынша, заң жобасын қабылдау заңгерлік көмекке мұқтаж тұлғаларға заңгерлік көмек көрсетудің мемлекеттік жүйесі қалай құрылғанын, оның құқықтық реттеу негіздерін, сондай-ақ ол қандай жағдайда және қалай көрсетілуі мүмкін екенін түсінуге мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны