05.12.2016, 19:06 3934

Мәжілісте отандық БАҚ-ты дамыту мәселелері талқыланды

Жалпы көлемніӊ 9%-ын электрондық БАҚ құрайды. Бұл - 110 телекомпания, 60 радиокомпания, 107 кабельдік оператор және 8 спутниктік хабар тарату операторлары. 7%-ы ақпараттық агенттіктер (41).

Астана. 5 желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін Ақпарат және коммуникациялар министрі Даурен Абаев Парламент Мәжілісінде "Үкімет сағаты" аясында депутаттар алдында отандық БАҚ-тыӊ бәсекеге қабілеттілігі және дамуы мәселелері бойынша баяндама жасады,- деп хабарлайды Қазақстан Республикасыныӊ Ақпарат және коммуникациялар министрлігі.

Министр атап өткендей, министрлік құрылғанда Елбасы тапсырған міндеттердіӊ бірі жаһандық тенденциялар ағымында қазақстандық БАҚ-тыӊ дамуына қолайлы жағдай жасау болғаны белгілі. Осы бағыт бойынша ведомство қазірдіӊ өзінде бірқатар жұмыстарды жүзеге асырды.

"Министрлік мемлекеттік БАҚ саласында телеарналар, радио, баспасөз басылымдары және Интернет сайттар бойынша реформалар жүргізуде. Нақты көрсеткіштер қойылды. Олар сол межеден табылуы тиіс. Басты талап - көрермендер мен оқырмандардыӊ қызығушылығын арттыру", - деді Дәурен Абаев.

Жалпы, бүгінгі күні Қазақстанда 3 мыӊға жуық бұқаралық ақпарат құралы тіркелген.

Сонымен қатар, оқырмандардыӊ баспасөз өнімдеріне қызығушылығыныӊ азаюына қарамастан, газеттер және журналдар жалпы БАҚ-тыӊ 84% құрайды.

Жалпы көлемніӊ 9%-ын электрондық БАҚ құрайды. Бұл - 110 телекомпания, 60 радиокомпания, 107 кабельдік оператор және 8 спутниктік хабар тарату операторлары. 7%-ы ақпараттық агенттіктер (41).

Сонымен қатар, Министр депутаттарға отандық БАҚ-ты дамыту стратегиясы жайлы, оныӊ ішінде әзірленіп жатқан ақпарат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі заӊ жобасында көзделген ынталандыру тетіктері туралы баяндап берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны