17.09.2009, 14:48 2674

Мәжілісте "Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы" заң жобасының таныстырылымы өтті

Мәжілісте "Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы" заң жобасының таныстырылымы өтті

Астана. 17 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мәжілісте "Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы" заң жобасының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Сондай-ақ осы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының да мақсаты таныстырылды.

Заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобына Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Төлебек Қосмамбетов жетекшілік жасайды.

Заң жобасы мақсаты туралы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев баяндама жасады.

Бұл заң жобасы Есеп комитетінің міндеттері мен мәртебесін айқындап беруге бағытталған. Заң жобасы мемлекеттік қаржылық бақылаудың халықаралық даму үрдістері мен Қазақстан саясатындағы өзгерістерді ескере отырып әзірленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны