18.09.2008, 16:18 1198

Мәжілісте "Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар туралы" заң жобасының таныстырылымы өтті

Мәжілісте "Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар туралы" заң жобасының таныстырылымы өтті

Астана. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Мәжілісте "Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар туралы" заң жобасының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заң жобасының таныстырылымын мәжілістің экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті ұйымдастырып отыр. Аталған заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобының жетекшісі - депутат Серікжан Мұқашев.

Заң жобасын ҚР индустрия және сауда министрлігі әзірлеген. Құжаттың маңыздылығы туралы депутаттар алдында ҚР индустрия және сауда министрінің орынбасары Еділ Мамытбеков баяндама жасады.

Айта кету керек, заң жобасында Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды (ИКК) құрудың, оның жұмыс істеуінің, қайта ұйымдастырудың және таратудың ерекшеліктері регламенттеледі. Консультативтік-кеңесші орган - Мамандандырылған кеңес арқылы ИКК-нің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тәртібі айқындалған.

Сондай-ақ заң жобасында ИКК-нің жалғыз құрылтайшысы Қазақстан үкіметі болып табылатын акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатыны көзделген.

Заң жобасында Қазақстан президентінің 2006 жылғы наурыздағы "Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы" атты Қазақстан халқына жолдауынын ережелері көрініс тауып, ИКК-нің әлеуметтік жобаларды ол құрылған өңірлердің халқы мүдделерінде іске асыру үшін таза табыстың кемінде елу пайызын қайта инвестициялау міндеттілігі бекітіліп берілген. Бұл норманы қосу ИКК мен мемлекеттің қатысуымен құрылған өзге де ұйымдардың аражігін нақты ажыратуға мүмкіндік береді.

Заң жобасын қабылдау Азаматтық және Жер кодекстерін бір мезгілде сәйкес келтіруді талап етеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны