15.01.2009, 18:36 3075

Мәжілісте "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" жаңа заң жобасының таныстырылымы болып өтті

Мәжілісте "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" жаңа заң жобасының таныстырылымы болып өтті

Астана. 15 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Мәжілістің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен бүгін "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" жаңа заң жобасының таныстырылымы болып өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі мәжілістің баспасөз қызметіне сілтемме жасап.

Заң жобасы "Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан президентінің 2008 жылғы 13 қазанның 13-індегі жарлығын іске асыру шеңберінде әзірленген.

Ұлттық әл-ауқат қорын ұйымдастыру мен оның тиімді қызметін қамтамасыз ету мақсатында заң жобасында бірқатар ережелер көрсетілген.

Заң жобасында аталмыш қор мәртебесінің, оны ұйымдастыру мен қызметінің ерекшеліктері айқындалады. Ұлттық әл-ауқатты қамтамасыз ету мақсатында аталған қорға бірқатар ерекше өкілеттіктер беріледі. Оның бәрі осы заң жобасында көрініс тапқан.

Отырысты ашқан мәжілістің қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарағұсова заң жобасы туралы қысқаша түсінік бере келіп, бұл құжат бойынша атқарылатын жұмыстар жөнінде айтып өтті.

Заң жобасының мақсаты жөнінде ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов баяндама жасады.

Сонымен қатар осы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Ұлттық әл-ауқат қоры қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және "Қазақстан инвестициялық қоры туралы" Қазақстан Республикасы заңының күші жойылды деп тану туралы" заң жобасының мәні мен маңызы түсіндірілді. Бұл заң жобасымен Қазақстанның 4 кодексіне және 14 заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көзделген. Қазақстан Республикасының Жер кодексіне инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыру үшін жер учаскелерін беру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Экологиялық кодекске мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын инвестициялық жобаларды іске асыру тәртібін оңайлату бойынша түзетулер енгізу қарастырылған. Сол секілді Салық кодексіне де өзгерістер енгізілмек.

Заң жобасына байланысты министр депутаттардың сұрақтарына жауап берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны