03.05.2013, 13:28 3074

Мәжілісте жалпы отырыстың күн тәртібі анықталды

"Палатаның қарауына бірінші оқылымға "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң шығарылатын болды", - делінген палата аппаратының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Астана. 3-мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Мәжілісте Палата Спикері Нурлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Бюро отырысында алдағы өтетін жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасы қалыптастырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Палатаның қарауына бірінші оқылымға "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң шығарылатын болды", - делінген палата аппаратының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сонымен бірге депутаттар "2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасын қарастырады.

Күн тәртібіне "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Үкіметі арасындағы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі халықаралық іс-қимылдарға қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы әскери мүлік пен персоналдың транзитін қамтамасыз ету туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасы да қосылып отыр.

Жалпы отырыста "Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобалары екінші оқылымға шығарылатын болды.

Бюрода қалыптастырылған күн тәртібіне екінші оқылымға шығарылатын "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағында тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы да қосылып отыр.

Алдағы болатын жалпы отырыста Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2012 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері мен "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан-ресей мемлекеттік шекарасында бірлескен бақылауды жүзеге асыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобаларына қорытынды әзірлеу мезгілін нақтылайтын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны