27.06.2018, 15:44 5678

Мәжілісте жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы заӊ жобасы мақұлданды

Келісім Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан азаматтарыныӊ еӊбек жағдайлары бойынша жазатайым оқиғалардан зардап шеккен азаматтардыӊ еӊбек құқықтарын өзара қорғауға бағытталған.

Астана. 27 маусым. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісініӊ пленарлық отырысында "Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше бірінші мемлекеттіӊ азаматтары Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше екінші мемлекеттіӊ аумағында еӊбек қызметін жүзеге асыру кезінде ұшыраған өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы" ҚР Заӊыныӊ жобасы мақұлданды (бұдан әрі - Келісім).

Келісім Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан азаматтарыныӊ еӊбек жағдайлары бойынша жазатайым оқиғалардан зардап шеккен азаматтардыӊ еӊбек құқықтарын өзара қорғауға бағытталған.

Құжатты ратификациялау азаматтармен, оныӊ ішінде өз-өзі жұмыспен қамтыған және осы елдердіӊ кәсіпорындарында жұмыс істейтін азаматтармен жұмыс кезінде жазатайым оқиғаларды тергеу тәртібін бекітуді көздейді.

ҚР еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Ибілқасымова атап өткендей, келісімніӊ нормаларына сай еӊбек жағдайлары бойынша жазатайым жағдайларды тергеу тәртібі жұмысқа орналастырушы мемлекеттіӊ заӊнамасына сәйкес белгіленді.

Осылайша, келісімде қатысушы елдер үшін өндірістегі жазатайым оқиға туралы актініӊ бірыӊғай № Н-1Е формасы бекітілді. Тексеру аяқталғаннан кейін жұмыс беруші жазатайым оқиғадан зардап шеккен қызметкерге жазатайым оқиға туралы актіні беруге міндетті және актініӊ бір данасы жұмысқа орналастырушы мемлекеттіӊ еӊбек инспекциясына жолданады.

Топтық, ауыр немесе адам өліміне әкеп соққан жазатайым оқиғаларды тексеру аяқталғаннан кейін акті тексеру материалдарымен бірге зардап шегуші азаматтыӊ тұратын мемлекетініӊ уәкілетті органына жолданады.

Жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруге байланысты құжаттарды немесе қатысушы елдердіӊ бірініӊ аумағында расталған құжат көшірмелерін басқа елдермен Келісімге қатысушылар заӊдастырусыз қабылдайды.

Осылайша, зардап шеккен азаматтардыӊ денсаулығына келген зиянды және жұмысындағы жазатайым оқиғаларға байланысты өтемақы төлемдерін өтеу жеӊілдетілген түрде жүзеге асады.

Қызметкердіӊ денсаулығына келтірілген зиян үшін өтемақы беретін мемлекеттіӊ заӊнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Келісім Қазақстан Республикасыныӊ Конституциясына, Еӊбек заӊнамасына және қабылданған халықаралық шарттарға қайшы келмейді, сондай-ақ республикалық бюджеттен қосымша қаражатты талап етпейді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны