23.01.2013, 12:24 3095

Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетіне бірқатар заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеу тапсырылды

Аталмыш құжат бойынша қысқаша баяндама жасаған Аграрлық мәселелер комитетінің хатшысы Төлеген Ибраев комитет заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын екенін мәлім етті. Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысында Аграрлық мәселелер комитеті сондай-ақ "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жұмысын өз мойнына алды.

Астана. 23-қаңтар. Kazakhstan Today - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Аграрлық мәселелер комитетіне "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астық нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу тапсырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, аталмыш құжат бойынша қысқаша баяндама жасаған Аграрлық мәселелер комитетінің хатшысы Төлеген Ибраев комитет заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын екенін мәлім етті. Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысында Аграрлық мәселелер комитеті сондай-ақ "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жұмысын өз мойнына алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны