12.01.2010, 16:37 3118

Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысы өтті

Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысы өтті

Астана. 12 қаңтар. Kazakhstan Today - Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Мәжілістің баспасөз қызметінің хабарлауынша, отырыста ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаев "Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Одақтастық қатынастар туралы 2003 жылғы 25 желтоқсандағы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасын, ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрінің орынбасары Исет Мағауов "Ядролық апат жағдайындағы немесе радиациялық авария жағдайындағы көмек туралы конвенцияны ратификациялау туралы", "Ядролық апат туралы жедел хабарлау жөніндегі конвенцияны ратификациялау туралы" және "Пайдаланылған отынмен жұмыс істеу қауіпсіздігі туралы және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу қауіпсіздігі туралы біріккен конвенцияны ратификациялау туралы" заң жобаларын депутаттардың қарауына ұсынды.

Сонымен бірге комитет мүшелері басқа да заң жобаларын қарастырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны