09.09.2009, 12:13 5198

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті республикалық бюджет жөніндегі қорытындыны 3 қарашаға дейін дайындайды

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті республикалық бюджет жөніндегі қорытындыны 3 қарашаға дейін дайындайды

Астана. 9 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мәжілістің Қаржы және бюджет жөніндегі комитеті республикалық бюджет жөніндегі қорытындыны 3 қарашаға дейін дайындайды. Бұл туралы палатаның бүгін өткен жалпы отырысында Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарағұсова мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті 2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы және 2010 - 2012 жылдарға арналған Ұлттық қордың кепілдендірілген трансферттері туралы заң жобасын қарап шығып, аталған заң жобалары бойынша қорытындыны ағымдағы жылдың 3 қарашасына дейін дайындауға әзір", - деді Г. Қарағұсова.

Журналистерген берген сұхбатында Г. Қарағұсова құжатта әлеуметтік шығындардың деңгейі сақталатынын атап өтті.

"Бұл - дағдарыс кезеңіндегі бюджет, онда әлбетте бірдеңелер қысқартылады, бірақ мемлекет басшысы айтқандай, әлеуметтік жобалар қысқартылмайды", - деді комитет төрайымы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны