26.01.2011, 18:02 3544

Мәжілістің күзетшілері журналисттердің жұмыстарына кедергі келтіруде

Мәжілісте журналистердің бәріне бірдей диктафон алып кіруіне рұқсат етілмейді. Бір реттік өткізу парағы арқылы мәжіліс залына өтпек болған агенттік тілшісі осындай жағдайға тап болған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

Астана. 26 - қаңтар. Kazakhstan Today - Мәжілісте журналистердің бәріне бірдей диктафон алып кіруіне рұқсат етілмейді. Бір реттік өткізу парағы арқылы мәжіліс залына өтпек болған агенттік тілшісі осындай жағдайға тап болған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

Ауысымның аға күзетшісі Мұрат Асивовтың айтуынша, "Өткізу режимі туралы ереженің 16-тармағына сәйкес, егер өткізу бюросы арқылы өтетін болса журналистердің мәжіліске флешка, диктафон, ұялы телефон алып кірулеріне рұқсат жоқ".

"Егер сізде аккредитивтеу картасы болса, онда өзіңіздің ақпарат құралдарыңызбен кіре аласыздар",- деп мәлім етті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны