03.10.2018, 18:03 4187

Мәжілістіӊ жалпы отырысында мемлекеттік сатып алуға қатысты маӊызды заӊ жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

Палата спикері Нұрлан Нығматулинніӊ төрағалағымен өткен Мәжілістіӊ жалпы отырысында мемлекеттік сатып алуға қатысты маӊызды заӊ жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Астана. 3 қазан. Kazakhstan Today - Палата спикері Нұрлан Нығматулинніӊ төрағалағымен өткен Мәжілістіӊ жалпы отырысында мемлекеттік сатып алуға қатысты маӊызды заӊ жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Осы ретте Мәжіліс Төрағасы бұл Заӊ туралы Елбасы Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаев алтыншы шақырылған Парламенттіӊ төртінші сессияныӊ ашылуында айрықша назар аударғанын атап өтті.

Мәжіліс Төрағасыныӊ пікірінше, заӊ жобасы мемлекеттік сатып алуларды жеӊілдетуге, олардыӊ тиімділігін арттыруға, сонымен бірге, жемқорлыққа жол бермеуге бағытталған. Н. Нығматулин:

-Үкімет мүшелері, депутаттық корпусенгізгенөзгерістер қылмыстардыӊ алдын-алуға жәнеосы сұрақтарды талапқа сай жетілдіруге зор ықпал етеді деп сенеміз. Сондықтан, бүгінгі айтылған ұсыныстарды назарға ала отырып, заӊ жобасынекінші оқылымға жан-жақты дайындауымыз керек,-деді.

Айта кетейік, Заӊ жобасында мемлекеттік органдардыӊ электрондық сатып алуыныӊ және квазимемлекеттік сектор субъектілерініӊ сатып алуыныӊ ақпараттық жүйелеріне қол жеткізудіӊ бірыӊғай нүктесін құру болжанады. Ол кәсіпкерлердіӊ бір порталдан барлық сатып алу бойынша тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге жалпы қажеттілік көлемін айқындап алуына мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны