10.09.2018, 20:41 3869

Мәжілістіӊ жалпы отырысында талқыланатын мәселелер қатары айқындалды

Мәжіліс Қазақстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдері арасындағы үш мемлекеттіӊ мемлекеттік шекараларыныӊ түйісу нүктесініӊ ауданы туралы шартты ратификациялауға байланысты заӊ жобасын талқыға салады.

Астана. 10 қыркүйек. Kazakhstan Today - 7 қыркүйекте Палата Спикері Нұрлан Нығматулинніӊ төрағалығымен Мәжілістіӊ Бюро отырысы өтіп, Палатаныӊ жалпы отырысында талқыланатын мәселелер қатары айқындалды.

Онда депутаттар Қазақстан мен Қырғыз Республикалары арасындағы Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шартты ратификациялау туралы Заӊыныӊ жобасы ұсынылды.

Сонымен қатар Мәжіліс Қазақстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдері арасындағы үш мемлекеттіӊ мемлекеттік шекараларыныӊ түйісу нүктесініӊ ауданы туралы шартты ратификациялауға байланысты заӊ жобасын талқыға салады.

Шарт оӊтүстік бағыттағы шекараны межелеуді аяқтау құжаты болып табылады. Онда үш елдіӊ мемлекеттік шекараларыныӊ орналасқан жері және түйісу нүктесініӊ координаталары айқындалды.

Ал жалпы отырыста жұмысқа қабылданатын құжаттар қатарында ратификациялауға бағытталған заӊ жобалары бар. Олар Авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық негізде басқару тәртібі туралы және ТМД қатысушы мемлекеттердіӊ терроризмге және экстремизмніӊ өзге де зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы күресті жүзеге асыратын құзыретті органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімдер.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны