09.09.2016, 12:07 3893

Мәжілістіӊ жалпы отырысыныӊ күн тәртібі нақтыланды

Мәжіліс осы күні "Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық қорына 2017-2019 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы, "Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маӊызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2017-2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердіӊ көлемі туралы, "2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы аса маӊызды заӊ жобаларын жұмысқа қабылдамақ.

Астана. 9 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулинніӊ төрағалығымен Палатаныӊ Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстыӊ күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Мәжіліс.

Халық қалаулылары назарына Қазақстан мен Сербия арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы үкіметаралық конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы заӊ жобасы ұсынылмақ.

Сонымен қатар, Мәжіліс осы күні "Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық қорына 2017-2019 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы, "Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маӊызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2017-2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердіӊ көлемі туралы, "2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы аса маӊызды заӊ жобаларын жұмысқа қабылдамақ.

Ал, "Коллекторлық қызмет туралы" және оған ілеспе заӊ жобалары бойынша жұмыс одан әрі жалғастырuлады деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны