08.01.2008, 19:11 2622

Мәжілістің жанынан құрылған Қоғамдық палата тұрғын үй-коммуналдық саласын реформалауға бағыттылған заң жобасына өзгерістер енгізуді ұсынады

Мәжілістің жанынан құрылған Қоғамдық палата тұрғын үй-коммуналдық саласын реформалауға бағыттылған заң жобасына өзгерістер енгізуді ұсынады

Астана. 8 қаңтар."Қазақстан Бүгін" - Мәжілістің жанынан құрылған Қоғамдық палата кеңесі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша берген Қоғамдық палатаның қорытындысын мақұлдады, деп хабарлайды агенттік.

Бүгін Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі төрағасының орынбасары, Қоғамдық палатаның төрағасы Сергей Дьяченконың жетекшілік етуімен парламент мәжілісінің жанынан құрылған Қоғамдық палата кеңесінің үстіміздегі жылғы алғашқы отырысы болып өтті.

Айта кету керек, тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелері өткен жылдың желтоқсан айында Көкшетау қаласында өткен көшпелі отырыста да талқыланды.

Қоғамдық палата мүшелері қоғамымызда аталған сала бойынша тұрғын үй қоры, үйлерді сырып тасту және жер учаскелерін алу мәселелеріне қатысты туындаған жайттарды заң жолымен ретке келтіру қажеттігі және де тұрғын үйлерді жөндеу мемлекеттің қатысуымен жүзеге асырылуы тиіс екендігі жайлы ой-пікірлерін айтқан болатын. Сондай-ақ аталған саланың бірқатар мәселелерін шешу үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлуді қарастыратындай қолданыстағы заңға өзгерістер енгізілуі керектігі жөнінде ұсыныс жасады.

Қоғамдық палатаның қорытындысы мен ұсыныстары аталған заң жобасы бойынша бас комитет болып табылатын мәжілістің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетіне берілген. Сондай-ақ нақты ұсыныстар үкіметке жолданды.

Бүгінгі өткен отырыста Кеңес мүшелері Қоғамдық палатаның келесі басқосуы өтетін күнді анықтады. Қоғамдық палатаның келесі отырысы Астана қаласында қаңтардың 18-і күні өтетін болып келісілді. Ол отырыста кейбір заңдарға заң біліктілігі көмегі туралы, азаматтардың құқығын қорғауға қатысты енгізілетін өзгерістерге қатысты мәселелер талқыға салынады деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны