17.06.2014, 19:58 1631

Медицина интернатурасының түлектері тестілеуден өтеді

Білім мен қабілетті бағалаудың республикалық орталығы 2013-2014 оқу жылының медицина ЖОО интернатурсының түлектерін кешенді тестілеуден өткізеді.

Алматы. 17 маусым. Kazakhstan today. Білім мен қабілетті бағалаудың республикалық орталығы 2013-2014 оқу жылының медицина ЖОО интернатурсының түлектерін кешенді тестілеуден өткізеді.

Үш күн ішінде (2014 жылдың 16-18 маусымы) Қазақстан Республикасның барлық медициналық ЖОО-да ҚР денсаулық сақтау вице-министрінің бұйрығымен 2013-2014 оқу жылындағы интернатура түлектері бір мезетте интернатураның жеті бағыты: терапия, педиатрия, хирургия, акушерлік пен гинекология, жалпы дәрігерлік тәжірибе, гигиена және эпидемиология, тіс дәрігерлігінен мемлекеттік және орыс тілдерінде компьютерлік тестілеуден өтеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы хабарлады.

Кешенді компьютерлік тестілеу тексерілген жаңа компьютерлік бағдарлама бойынша өтеді. Бір мамандық бойынша тесттік тапсырмалардың жалпы саны 100. Тестілеу уақыты 2 сағат 30 мин.

Тестілеу барысында тапсырушылар тесттік тапсырмаларды аппеляцияға бере алады.

Интернатура түлектеріне компьютерлік тестілеу түріндегі тәуелсіз емтихан жүргізу бәрінен бұрын елдің медициналық ЖОО оқыту қызметінің сапасын арттыруға бағытталған.

Тесттер Типтік оқыту бағдарламасына сай дайындалды.

Алдағы уақытта тек қана интернатура түлектерінің ғана емес, сонымен қатар резидентура, магистратура түлектері мен республика өңірлерінің дәрігерлерінің де білімдерін тексеру жоспарланған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны