10.06.2014, 21:06 2693

Медицинаға жоғары технологиялардың енуі мемлекет қаражатын үнемдеді - С.Қайырбекова

"Бір бүйрек тасымалының өзін мысалға алатын болсақ, оған 4,5 млн теңге шығындалатын едік. Ал бүгінде біз аталмыш істі өз елімізде атқара отырып өз тұтынушыларымызға 2,1 млн теңге төлейміз. Біріншіден, енді ешқайда шықпай-ақ елімізде жасай бертін болдық", - деді министр.

Алматы. 10 маусым. Kazakhstan today. Медицинада жоғары технологиялардың енгізілуі мемлекет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік беріп отыр, бұрындары бюджет ақшасы отандық мамандарды шетелдің мекемелерінде оқытуға жұмсалатын, деді ҚР денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.

"Медицинада жоғары технологиялардың енгізілуі мемлекет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік беріп отыр, бұрындары бюджет ақшасы отандық мамандарды шетелдің мекемелерінде оқытуға жұмсалатын. Бір бүйрек тасымалының өзін мысалға алатын болсақ, оған 4,5 млн теңге шығындалатын едік. Ал бүгінде біз аталмыш істі өз елімізде атқара отырып өз тұтынушыларымызға 2,1 млн теңге төлейміз. Біріншіден, енді ешқайда шықпай-ақ елімізде жасай бертін болдық", - деді министр.

Оның айтуынша, үнемделген бар қаражат медицина технологияларын дамытуға бағытталмақ. Тиісінше бұл бюджет қаражатын үнемдеуге жол ашады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны