19.05.2011, 13:40 3703

Медициналық академия Досқалиевтің үстінен 112 млн теңгеден астам шығын келтірді деген талап арыз түсірді

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, он тоғызыншы мамырда Досқалиевке қатысты сот отырысы басталды, сот ашық болады. Істі алқа билер қарайды.

Астана. 19 - мамыр. Kazakhstan Today - Медициналық академия бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің үстінен 112 млн 720 мың теңге шығын келтірді деген талап арыз түсірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, он тоғызыншы мамырда Досқалиевке қатысты сот отырысы басталды, сот ашық болады. Істі алқа билер қарайды.

Сондай-ақ жемқорлыққа барды деп айыпталған Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиеве қатысты іс бойынша алғашқы отырыс 19 мамырдың екінші жартысына шегерілді, деп хабарлады Мейрам Жангүттинов.

Процеске төрағалық етіп отырған судьяның айтуынша, бұл қылмыстық істің отырысы "зиян шеккен тараптың өкілі ретінде денсаулық сақтау министрлігі өкілінің сот отырысына қатысуын қамтамасыз ету үшін сағат үшке дейін шегерілген".

Судья "осы іс бойынша Астана қаласының медициналық университетінен 112 миллион 725 мың 541 теңге сомасына талап арыз бар" екендігін нақтылады.

Досқалиевтен басқа сотталушылар қатарында - Денсаулық министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Болат Садықов, "MDS Company" ЖШС-ның директоры Төлеген Тайғамбетов бар.

Сотта Досқалиевтің мүддесін үш адвокат: Серік Біләлов, Ардақ Балтықов және Күләш Илімбаева қорғайды.

естеріңізге сала кетсек, денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігімен (қаржы полиция) қыркүйектің соңында қозғалған болатын. Қаржы полициясы Досқалиевке Медициналық академия ректоры болып қызмет атқарған кезде қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды және пара алды деген айып тақты. Қаржы полициясы органдарында жауап беру кезінде Ж.Досқалиев инсульт алып ауруханаға жатқызылған болатын, дегенмен қаржы полиция ауруды сылтауратып отыр деп айыптады. Қаржы полициясының мәлімдемесінен кейін сот Досқалиевті қамауға алуға санкция берілді. Ол санкция бұрынғы министрдің денсаулығының нашарлығына қатысты адвокаттардың мәлімдемесіне қарамастан бірнеше рет ұзартылды. 2011 жылдың 18 ақпанында Денсаулық министрлігінің бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс аяқталып, материалдар Досқалиевтің қорғаушыларына танысу үшін берілді, олар өз кезегінде қылмыстық істі тоқтату туралы өтініш білдіретіндіктерін айтқан болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны