01.09.2016, 18:16 4677

Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті ОҚО бойынша департаментініӊ лауазымды тұлғалары медициналық мекемесініӊ бас дәрігерлері мен есепшілерінен жүйелі түрде "қамқорлығы" үшін пара алып тұрған

Тергеу барысында лауазымды тұлғалар қылмыстық сөз байласу арқылы жүйелі түрде 60-тан астам медициналық мекеменіӊ бас дәрігерлері мен есепшілерінен пара алып келгені анықталды

Астана. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР ДСИДМ Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті ОҚО бойынша департаментініӊ лауазымды тұлғалары, тергеу нұсқасы бойынша, облыстыӊ 60-тан астам медициналық мекемесініӊ бас дәрігерлері мен есепшілерінен жүйелі түрде "қамқорлығы" үшін пара алып тұрған.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроныӊ баспасөз қызметі хабарлады.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроныӊ ОҚО бойынша департаменті жемқорлық құқық бұзушылық фактісін анықтап, оған облыстыӊ Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті департаментініӊ лауазымды тұлғаларыныӊ қатысы барын әшкереледі" деп хабарлайды ведомство.Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті департаменті төрағасыныӊ орынбасары Қалыбекова Б. мен бөлім жетекшісі Жұмақов О. есімді азаматты бірнеше мәрте пара алу фактісі бойынша ұстаған болатын.

"Тергеу барысында лауазымды тұлғалар қылмыстық сөз байласу арқылы жүйелі түрде 60-тан астам медициналық мекеменіӊ бас дәрігерлері мен есепшілерінен пара алып келгені анықталды. Сол үшін олар қаржыландыру және ай сайынғы есепті тапсыру кезінде "қамқорлық" жасаған" делінген ведомство мәліметінде.

Пара көлемі мекеменіӊ бюджет көлеміне байланысты 5 мыӊнан 100 мыӊ теӊге аралығында болған. Ал Қалыбекова Б. мен Жұмақов О. заӊсыз еншілеген қаржы сомасы 993 мыӊ теӊге болған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны