11.05.2020, 18:36 4092

Медицина қызметкерлерінің жалақысына үстеме ақы биыл тамыз айына дейін төленеді - Е. Тоғжанов

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне үстеме ақы төлеу үшін Үкіметке 40 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді.

Алматы. 11 мамыр. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов ҚР Үкіметінде өткен брифингте коронавирус инфекциясымен күресуге тартылған дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне үстеме ақы төлеудің одан әрі жалғасатыны туралы айтып берді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне үстеме ақы төлеу үшін Үкіметке 40 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді.

"Төлемдердің жартысы төленді. Қалған бөлігі биыл тамыз айына дейін төленетін болады", - деді вице-премьер.

Сонымен қатар Е. Тоғжанов жұмысқа шығатын ата-аналарға қолайлы болу үшін балабақшаларда кезекші топтар ұйымдастырылатынын айтты. Бірақ санитарлық нормаларды сақтау қажет болады.

"Мысалы, балабақшаларда әрбір топта 25-30 баладан бар. Карантин кезеңінде сақтық шараларын ескере отырып, топтардағы балалар санын 15-ке дейін ғана жеткізу керек. Бұл ретте жұмыс істейтін әр ата-ананың балаларын балабақшада қалдыру мүмкіндігі бар екенін атап айтқым келеді", - деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны