08.10.2019, 17:28 10879

Медициналық сақтандыру жүйесі бойынша халықтың 90% медициналық көмекпен қамту жоспарланып отыр

Еңбек министрлігінің мәліметінше, бүгінде әлі 663 мың адамның мәртебесін анықтау қажет. Сондай-ақ, емханаға тіркелмеген азаматтарға жасалған сараптама нәтижесінде тұрғындардың бір бөлігінің ТМЖ бар екені және кейбірінің қайтыс болғаны анықталды. Осыған байланысты, кеңесте Әділет министрлігі, ІІМ өңірлік әкімдіктермен бірлесе отырып, жеке тұлғалардың базасын өзектендіру қажет деген мәселе көтерілді.

Алматы. 8 қазан. Kazakhstan Today - 4 қазанда Қарағандыда Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен медициналық сақтандыруға дайындық жұмыстарына арналған кеңес өтті.

Жиында жауаптылар, аймақтардағы әкімдіктер және бірқатар министрлік бірлесіп шешуді талап ететін өзекті мәселелер талқыланды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, медициналық сақтандыру жүйесі бойынша халықтың 90% медициналық көмекпен қамту жоспарланып отыр. Қазір Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бейресми жұмыспен қамтылған халықты тұрақты жұмысқа тарту шараларын жалғастыруда.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, бүгінде әлі 663 мың адамның мәртебесін анықтау қажет. Сондай-ақ, емханаға тіркелмеген азаматтарға жасалған сараптама нәтижесінде тұрғындардың бір бөлігінің ТМЖ бар екені және кейбірінің қайтыс болғаны анықталды. Осыған байланысты, кеңесте Әділет министрлігі, ІІМ өңірлік әкімдіктермен бірлесе отырып, жеке тұлғалардың базасын өзектендіру қажет деген мәселе көтерілді.

Техникалық дайындық аудиті өңірлердің техникалық әзірлігі аудандық деңгейден жоғары екендігін көрсетті, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына 100% медициналық ақпараттық жүйе енгізілген, жұмыс орындарының 97,4% компьютерлік техникамен жарақтандырылған.

Облыс әкімі орынбасарларына ауылдардағы техникалық дайындықты толық шешу тапсырылды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында компьютерлік техника жеткіліксіз. Сондай-ақ, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе облыстарында медициналық ақпараттық жүйе жоқ.

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев МӘМС жүйесін енгізу үшін медициналық ақпараттық жүйелердің аса маңызды екнін айтты және осы бағыттағы жұмысты күшейтуді тапсырды.

Кеңесте жарналар мен аударымдар бойынша жүргізілген сараптама қорытындысы да талқыланды. "Біз сараптама жүргіздік, жұмыс берушілердің салық және еңбек заңнамасын сақтамайтыны анықталды. Сондай-ақ , "маусымдық" жұмыс істейтін кейбір азаматтар тұрақты аударым жасамайды, осының салдарынан олар МӘМС жүйесіне қатыса алмауы мүмкін", -деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Жалдамалы қызметкерлерге жағдай жасалмаған өңір басшыларына Мемлекеттік кіріс комитетінің аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп салық заңнамасының сақталуын бақылауға алу тапсырылды.

"Бізде барлық дерек қоры бар. Әр адамның қашан соңғы рет жалақы алғанын, зейнетақы қорына, әлеуметтік және медициналық сақтандыру қорларына қанша ақша аударғанын білеміз. Облыстардағы әкімдіктер орталықтармен, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерімен, өзге де министрліктермен бірлесіп жұмыс істеуі тиіс. Біз бұл шараны 1 қарашаға дейін аяқтауымыз қажет!",- деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Жалпы, Бердібек Сапарбаев медициналық сақтандыруды енгізуге дайындық жоғары бағалады. Қарағанды облысында МӘМС апробациясының алғашқы айы денсаулық сақтау жүйесінің келесі жылдан бастап жаппай медициналық сақтандыруға көшуге әзір екенін көрсетті.

Қарағанды облысы әкімдігінің мәліметінше, бірінші айдың қорытындысы бойынша диагностикалық зерттеулердің (КТ және МРТ) қымбат түрлерін тұтынушылар айтарлықтай өсті. Егер бұрын ай сайын орта есеппен 1265 қызмет көрсетілсе, қыркүйекте бұл 22% артты. Оңалту көмегінің қолжетімділігі 38% жақсарды. Осы жылдың 8 айында ай сайын орташа 690 пациент оңалту көмегін алды, қыркүйекті - бұл көмекті 949 пациент алды. Медициналық бригадалар жергілікті жерлерді аралауға шықты, жоспарлы алдын ала тексерулер басталды. Қазірдің өзінде 15 мыңнан астам адам дәрігерге қаралды.

Денсаулық сақтау министрлігі жыл соңына дейін пилоттық жобаныңмониторингін және анықталған мәселелерді шешу жұмыстарын жалғастырады. Ал 1 қаңтардан бастап жаңа жүйе бүкіл ел бойынша іске қосылады.

Денсаулық сақтау жүйесінің ардагері жоғары санатты дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, профессор Абай Байгенжин және бұрынғы Денсаулық сақтау министрі, медицина ғылымдарының докторы Жақсылық Досқалиев сөз сөйледі.

"Әлемдегі бірде-бір мемлекет, тіпті ең бай ел өз азаматтарының денсаулығы үшін қаржылық жауапкершілікті толық көтере алмайды. Біздің санамызға кеңес заманынан бері мемлекет медициналық қызметтерді төлеуге, қымбат оталарды тегін жасауға, дәрі-дәрмекті тегін беруге тиіс деген түсінік қалыптасқан. МӘМС адамдарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға үйретеді. Азаматтар өздерінің денсаулығына жауапты екенін түсінуі тиіс. МӘМС денсаулық сақтау саласындағы ресурсты арттыруға, медициналық мекемелер мен қызметкерлердің экономикалық қызығушылығын көтеруге , денсаулық сақтауды барынша қолайлы және тиімді қаржыландыруға мүмкіндік береді", - деді Байгенжин.

"Медициналық сақтандыру тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде енгізілуде. Кейбіреулер жаңа жүйені тоқтата тұрайық дейді. Жоқ, кешігуге, кідіруге болмайды. Елбасы мен Президент тапсырмасы бар, біз соны орындауға міндеттіміз. Сондықтан келесі жылдан бастап медициналық сақтандыру енгізілуі тиіс", - деп түйіндеді Бердібек Сапарбаев.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны