16.08.2019, 19:12 11917

Мегаполистердегі мекенжай бойынша тіркеуді миграция қызметкерлерімен қатар халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары шілдеден бері бірлесіп жүргізіп келеді

Айта кетейік, халыққа қызмет көрсету орталықтарында "құжаттау" қызметтерін миграциялық полицияның әдетте 1-3 маманы көрсетеді. Қызметкерлердің аздығы жеке басты куәландыру, тұрғылықты жер бойынша тіркеуге тұру қызметтерін алушылардың көп жағдайда кезекте ұзақ тұруына алып келіп, наразылықтарын тудыратын.

Нұр-Сұлтан.16 тамыз. Kazakhstan Today - ҚР ІІМ мен "Азаматтарға арналған үкіметтің" бірлесіп Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларындағы ХҚО-да азаматтардың тұрғылықты жері бойынша тіркеуін жүргізу пилоттық жобасы өз жемісін бере бастады. Мегаполистердегі мекенжай бойынша тіркеуді миграция қызметкерлерімен қатар халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары шілдеден бері бірлесіп жүргізіп келеді.

Пилоттық жоба шеңберінде ең алдымен елорданың Алматы ауданында орналасқан ең ірі халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары қызмет алушыларға мекенжай бойынша тіркеуге тұру және тіркеуден шығу мемлекеттік қызметтерін көрсете бастады. Аталған қызмет бойынша ХҚО-дағы кезек күтушілер саны 2,5 есе азайған.

Айта кетейік, халыққа қызмет көрсету орталықтарында "құжаттау" қызметтерін миграциялық полицияның әдетте 1-3 маманы көрсетеді. Қызметкерлердің аздығы жеке басты куәландыру, тұрғылықты жер бойынша тіркеуге тұру қызметтерін алушылардың көп жағдайда кезекте ұзақ тұруына алып келіп, наразылықтарын тудыратын. Енді оларға ХҚО-ның тағы 2-3 операторы жүктемені азайтуға көмектеседі.

Болашақта бұл жоба еліміздің өзге облыс орталықтарындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарын да қамтиды деп жоспарланған.

Ескере кетейік, мекенжай тіркеуіне тұрғылықты тұру қызметін онлайн түрде egov.kz порталы арқылы рәсімдеуге болады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны