27.07.2015, 14:15 4411

"Мектепке жол" акциясы барысында балалардыӊ қараусыз жүруініӊ алдын алуға баса назар аударылады - ҚР БҒМ

"Мектепке жол" республикалық акциясы аясында ағымдағы жылы сабақтан қалудыӊ алдын алуға және қараусыз жүрген балаларды анықтауға баса назар аудару жоспарланған, деп хабарлады бүгін ОКҚ брифингінде ҚР Білім және ғылым министрлігініӊ Балалардыӊ құқықтарын қорғау комитеті төрағасыныӊ орынбасары Мәншүк Ибдікәрім

Астана. 27 Шілде. Kazakhstan Today - "Мектепке жол" республикалық акциясы аясында ағымдағы жылы сабақтан қалудыӊ алдын алуға және қараусыз жүрген балаларды анықтауға баса назар аудару жоспарланған, деп хабарлады бүгін ОКҚ брифингінде ҚР Білім және ғылым министрлігініӊ Балалардыӊ құқықтарын қорғау комитеті төрағасыныӊ орынбасары Мәншүк Ибдікәрім, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігіні? тілшісі.

"Мектепке жол" акциясы аясында оқумен қамтылмаған балалар мен оқушылардыӊ сабақтан қалу жағдайларын анықтауға, балаларға мектепке жиналуға көмек көрсететін әлеуметтік жағынан аз қамтылған балалар мен отбасыларға бақылаушы енгізу, мәселелеріне екпін салынғалы отыр", - деді М.Ибдікәрім, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Оныӊ айтуынша, биылғы жылдыӊ тамыз бен қыркүйек айлары аралығында бірқатар шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Ирбір елді мекенде, фермада, қала маӊындағы саяжайларда, шаруашылықтарда, бөлімшелерде, алаӊдарда "тәуекел тобындағы" балаларды анықтау мақсатында рейдтер ұйымдастырылады.

"Бұл топтағы балаларға қараусыз жүрген жеткіншектер, жайсыз отбасыныӊ, көшіп-қонушы отбасылардыӊ балалары, үнемі сабақтан қалып, қайыршылықпен айналысатын балалар, шаруашылық алаӊдарында жұмыс істейтін балалар жатады", -деп атап өтті ол.

Осы рейдтердіӊ барысында осы топқа жататын балалардыӊ нақты есімдері мен мекен-жайлары белгіленеді және олар білім беру органдары мен демеушілерге, меценаттарға бекітіледі.

"Министрлік бүгінгі таӊда 100-ден астам компанияға, АҚ-ға аталған іс-шараны өткізу және осы санаттағы балаларға көмек көрсету туралы хаттар жолдады. Бұдан өзге, акция өткізу кезінде жедел желілердіӊ үздіксіз жұмысы, білім беру ұйымдарында, білім беру басқармаларында, білім берудіӊ аудандық бөлімінде қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырылады", - деп мәлімдеді ол.

Бұдан өзге, ірі сауда орталықтарында мұқтаж оқушыларға қажетті заттарды беру үшін қайырымдылық пункттері құрылады.

Ол сондай-ақ, 7 жыл бойы "Мектепке жол" республикалық акциясын өткізіп келе жатқандығын, осы уақыт аралығында 2 млн-нан астам балаға 10 млрд теӊгеден астам қаржыға материалдық көмек көрсетілгенін айтты.

"Акцияныӊ әлеуметтік маӊыздылығын ескере отырып, тек өткен жылдыӊ өзінде 300 мыӊнан астам балаға жалпы сомасы 2 млрд-тан астам тенгеге көмек көрсетілді, оныӊ ішінде 190 мыӊ балаға 1 млрд 159 млн тенгеге демеушілермен көмек көрсетілді", - деп толықтырды төраға орынбасары.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны