08.10.2009, 12:44 11835

Мемлекет басшы шетелдік туристерді Қазақстанның көркем таулары мен керіле көсілген дархан даласын көріп қайтуға шақырды

Мемлекет басшы шетелдік туристерді Қазақстанның көркем таулары мен керіле көсілген дархан даласын көріп қайтуға шақырды

Алматы. 8 қазан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшы шетелдік туристерді Қазақстанның көркем таулары мен керіле көсілген сахара даласын көріп қайтуға шақырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Хабар" агетттігінің сюжетіне сілтеме жасап.

Сюжетте былай делінген: "Жақын арада елімізге келгелі отырған 14 миллионнан астам турист, Қазақстанға жасайтын сапары ұзақ уақыт естерінде қалуы үшін, мемлекет қолынан келгенін аямайды. Иуежайдан бастап, қонақ үйіне дейін барлық жағдайлары жасалуы тиіс. Астанада өтіп жатқан Дүниежүзілік туристік Ұйымы Бас Ассамблеясының 18-ші сессиясы туралы мағлұмат тарататын тілшілерге берген сұхбатында, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Батыстың бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, Қазақстанның туристік әлеуеті туралы президенттің өзінен естіді. Астанада өтіп жатқан форум, Қазақстанның туристік саласының әлеуетін дүние жүзіне таныстыруды мақсат тұтып отыр. Илемнің 120 елінен келген 140-тан астам делегация, 1300 шет елдік сарапшының бәрі де, назарын біздің елімізге аударды. Сарапшылардың есебі бойынша, 2020 жылға қарай, дүние жүзінің туристері саяхаттары барысында күніне 5 миллиард АҚШ долларын жұмсайды. Ирине, олай болса, бұл сала әлем экономикасын алға жетелейтін нақты секторға айналмақ. Қазақстан басшысы, халықаралық туризмде нық орын алуымыз үшін, елде барлық мүмкіндіктің барын айтып, жеке өз тарапынан, еліміздің танымал болуына барынша үлес қосып келе жатқандығын айтты. Соның ең маңыздысы - тәуелсіз Қазақстанның жас Астанасы".

Шетелдік тілшілерге берген сұхбатында Нұрсұлтан Назарбаев былай деді: "Шығыста, "қалалар елді, ал астана мемлекетті құрайды" деген байырғыдан қалған сөз бар. Біз өзіміздің тәуелсіздігімізді жария етіп, жаңа саясаты мен экономикасы бар жаңа мемлекетті құра бастадық. Ал ең қиыны, біз адамдардың сана-сезімін өзгертуіміз керек болды. Сол сәтте, жаңа бастаманың бәрін жаңа астанада, жаңа зиялы қауым өкілдері мен жаңа мүмкіндіктерден бастау алған дұрыс деген шешім қабылдадым. Кеңес үкіметі ыдырап, елде жұмыссыздық басталды. Кәсіпорындар тоқырап, дүкен сөрелері тауарсыз қалды. Ал мен жаңа астананы тұрғызу туралы ұсыныс бердім. Бұл тек осы идеяға ғана емес, өзімнің болашағым мен абыройыма да үлкен сын болды. Халық қиын жағдайға душар болғанда, оны жаңа істерге бастайтын, болашағына деген сенімін нығайта түсетін серпіліс қажет. Халық Қазақстанның әлеуетіне сенді. Соның нәтижесін бүгінде бәріміз де көріп отырмыз. Біз отырған жерде осыдан 8 жыл бұрын түк те болған жоқ. Астана жас болса да, әлемге танылып қалған қала. Және айта кетерлігі, тек өзінің заманауи архитектурасымен ғана емес, халықтарды, діндерді, конфессиялар мен мәдениеттерді, жалпы өркениеттерді табыстырған орда ретінде дүние жүзіне белгілі",- деді.

"Ишейінде бір-біріне қарамақ түгілі, қол берісіп амандаспайтын адамдар, мысалы, Иранның имамы мен Израильдің раввині, бұл жерде бірін-бірі тыңдап, сөйлесіп, амандасудан да қашқақтамайды",- деді Елбасы.

Мемлекет басшысы шет елдік саяхатшыларға Медеу мен Шымбұлаққа баруды, Шарын шатқалын көріп қайтуды, Швейцариямен теңеуге болатын Бурабайға барып дем алуды, Каспийдің суына түсіп, ежелден сыр шертетін тарихи орындарды аралап, қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрімен таныс болуды ұсынды.

"Қонақжайлылық, әрбір дала баласының жадында сақталған. Ол байырғыдан бері келе жатыр. Қонаққа келген кез келген адам, сол үйге құт-береке әкеледі деген сенім бар. "Ең бірінші, бұл менің жеке көзқарасым, жүрегімнің қалауы, біздің ұлы тауларымызды көруі керек. Жол сөмкесін алып, жеңіл аяқ киім киіп, тауға барсын. Екіншіден, біздің ұлы даламызға түсіп, төбесіндегі алып аспанды көрсін. Ал соңынан, киіз үйге кіріп, ет жеп, қымыз ішсін",- деді Қазақстан президенті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны