04.12.2007, 15:19 2536

Мемлекет басшысы "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" заңға қол қойды

Мемлекет басшысы "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" заңға қол қойды

Астана. 4-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін 2008 жылға арналған республикалық бюджеттің негізгі қаржылық көрсеткіштерін айқындайтын "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" заңға қол қойды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, сенат депутаттары республикалық бюджеттің шығыс бөлігін 25909 млн теңгеге, соның ішінде бюджет тапшылығын 0,1 %-ға өсіру есебінен ұлғайтуды ұсынған. Мәжілістің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің қорытындысында атап көрсетілгеніндей, "сенат енгізген өзгерістер мен толықтырулардан кейін республикалық бюджеттің түсімдері 2694732,3 млн теңге, шығындары 2905236,2 млн теңге, тапшылығы - 210503,9 млн теңге немесе Жалпы ішкі өнімге шаққанда 1,4% болмақ".

Бұрын хабарлағанымыздай, үкіметтің парламентке ұсынған бастапқы үлгісінде бюджеттің мынадай параметрлерін бекіту ұсынылды: заңға сәйкес, 2008 жылы республикалық бюджет түсімдері 2 трлн 692,1 млрд теңге ( болжамдық Жалпы ішкі өнімге шаққанда 17,7%), жалпы шығындар 2 трлн 889,7 млрд теңге ( Жалпы ішкі өнімге шаққанда 18,9%), бюджет тапшылығы - 197,6 млрд теңге ( Жалпы ішкі өнімге шаққанда 1,3%).

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны